Қырағылықты серік еткен сарбаздар

Жаңалықтар
20.09.2016, 16:36
 Бір өзінде 28 жолы бар, үлкен сұрыптау станциясының қатарына жататын Қазығұртта жұмыс қашан да қарбалас. Сондықтан, негізінен мұнай тасымалы сұрыпталып, жөнелтілетін бекетті күзету зор жауапкершілікті талап етеді. «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалына қарасты Текесу атқыштар командасының сегіз жігіті Қазығұрттағы үш қосын мен «Солтүстік» және «Оңтүстік» алқымда өз жұмыстарын атқарады. Қазақстандағы үш зауытың біріне жататын Шымкент мұнай өңдеу зауытының өнімдері Текесу бекетінде вагондарға толып келген соң, қайсысы қай өңірге кететіні Қазығұртта сұрыпталады. Одан бөлек, бекет маңында кірме жолдары бар кәсіпорындар жүк артады. Тәулігіне келетін 15-16 пойыздағы әр вагонның пломбасын тексерумен қатар, қай кірме жолға қанша вагон кіріп-шыққанына дейін басшылықтарына хабарлап отырады екен. Бір құрамды тексеруге 30-40 минут кететіндіктен, шапшаң қимылдайтын күзеттегі жігіттер төбеде 37,500 вольтті электр тоғынан өздері мен өзгелерді де сақтандырып жүреді.    Ауысымдағы аға күзетші Нұрдәулет Смановтың айтуынша, жігіттер күзетке берілген вагондарды қабылдағаннан кейін, маңайына бөгде адамдарды жақындатпай, кететін жағына кемшіліксіз жеткізуді көздейді. Болмаса келесі ауысымның күзетіне ақаусыз өткізеді. Құрам арасын жиі тексеріп жүріп, техникалық және өрт қауіпсіздігін сақтауды да ұмытпайды. Себебі, мұнда тек жанар жағар май, солярка сынды қауіпті жүктер жөнелту кезегін күтіп тұрады.  Бекеттегі 1-10 жолдың арасына екі күзетші бекітілген. Қалған жолдарда да осылай. Қазығұртпен қатар, осы жолдың бойындағы Сайрам, Леңгер станцияларына келетін пойыздардың қауіпсіздігін аталған мамандар  қамтамасыз етеді. – Өндіріс аумағына кірген-шыққан бөтен адамға дейін, олардың қайда, кімге келе жатқанын сұрау – біздің міндетіміз. Теміржолшылардың өздері жүрсе, үстінде сары жейдесі болу керек. Онда да бүгін темір жолда кезекшілікте ме, не үшін жиі өтіп жатқанын анықтап тұрамыз. «Солтүстік» алқымдағы күзетшілердің өзі қай тепловоз не әкетіп жатыр, қандай вагон ішке кіргенін келесі посттағы жігіттерге хабарлап тұрады. Келген вагондарды да құжатпен тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана жібереміз. Ал, қалғанын жүк қабылдап жөнелтушілер өздері бақылауға алады. Қысқасы, осы жерде қыбырлаған адам да, іркес-тіркес вагондар да ауысым кезінде біздің назарымызда болады, - дейді аға күзетші Нұрдәулет Әбілқасымұлы.  

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты