Портпен метал жөнелту мүмкіндігі зор

Жаңалықтар
23.09.2016, 12:19
Ресейлік металлургия комбинаты Ақтау порты арқылы өз өнімдерін тасымалдауға қызығушылық танытуда.  Нақтырақ айтқанда, Магнитогорск металлургия комбинатының делегациясы қазақстандық мультимодальды көліктік-логистикалық компания – «KTZ Express» АҚ өкілдерінің жетекшілігімен Ақтау халықаралық теңіз сауда портында болып, оның жұмысымен танысты. Ресейліктер Ақтау порты арқылы өтетін Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарымен Бакуге қарай кемемен жүк жөнелту жайын сұрады.  Аталған комбинат әлемдік ірі болат өндірушілер қатарында және ол Ресейдегі қара металлургия кәсіпорындары арасында көшбасшы орында. Бұл жағынан Ақтау порты ресейлік серіктестеріне металды сапалы жөнелту қызметін ұсына алады, себебі дәл осы жүк түрі бүгінгі таңда порттағы ең негізгі қызметтердің бірі. Оны жөнелту қарқынын ұлғайту үшін мұнда барлық жағдай жасалуда, жүк өңдеу, есеп жүргізу және таңбалау тәсілдері жаңартылып, персоналдар оқытылуда. Осы жылдың тамыз айында Ақтау порты өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, яғни, портта 159 мың тонна метал өңделіп, Иран бағытындағы кемелермен жөнелтілген. Портты аралау барысында Жүк жөнелту және қабылдау кешенінің бастығы Б. Өтепов пен өндірістік үдерістерді басқарушы Габриэль Георге, сонымен қатар корпоративтік дамыту басқармасының жетекшісі Е. Погосова қонақтарды порттың өндірістік қуатымен таныстырып, метал тасымалдау технологиясын көрнекі түрде көрсетті. Соған қоса клиенттермен жұмыс бойынша жақында қабылданған жаңа енгізілімдер туралы баяндап, кеме айлағын аралатты.

Райхан Рахметова

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды