Дана КҮНТУ
Сочиге барады
Оқуға 1 мин
Қазақстандық теміржолшылар қыркүйек айының 29-ы мен қазанның 2 аралығында Сочи қаласында өтетін «Ұрпақтарға жалғасқан спорт – 2016» атты халықаралық спорт ойындарына қатыспақ.
Ресей Федерациясында алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған жарыста «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері осымен екінші рет бақ сынамақ. Қазақстан теміржолының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен құралған «Сұңқар» теміржолшылар командасы халықаралық спорт ойындарында ел намысын қорғап, жеңісін туын желбіретпек ниетте.
–Біздің тобымызда еліміздің шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігінен жиналған жас теміржолшылар бар. Арамыз алшақ болса да бәріміз «Сұңқар Қазпрофтранс» атты әлеуметтік желі арқылы жарыс жайын ақылдасып отырамыз. Біз кәсіби спорт шеберлері емес, салауатты өмір салтын ұстанған теміржолшылар болсақ та жеңістен үміттіміз, – деп ой бөлісті бас сарапшы Жанат Аманбаева.