Тасымал ережесіндегі жаңа өзгерістер

Жаңалықтар
23.08.2019, 11:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл тамыз айының соңынан бастап теміржол көлігімен жолаушылардың жол жүруі мен құжат рәсімдеуге қатысты ережелерге ішінара өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы осы аптада «Жолаушылар тасымалы» АҚ журналистермен өткен брифингте жария етті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Едіге Мыхановтың айтуынша, осы жылы 28 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің темір жол көлігімен жолаушылар тасымалы, қол жүктері, жүктер, жүк багаждары мен пошта жөнелтілім ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық күшіне енбек.

– Енді заңды тұлғалардан тапсырысты олардың электронды-цифрлы қолтаңбасы бойынша рәсімдеуге болады. Билет бұрынғыдай топтың барлығы үшін бір бланкте емес, әрбір жолаушыға бөлек-бөлек рәсімделеді. Резервке қойылған орындарды сатып алу және тапсырыс беру мерзімі де өзгертілді. Ұйымдастырылған жолаушылар тобының алғашқы тізіміне өзгерістер енгізу бойынша шектеу бар, – деді Е.Мыханов.

Сонымен қатар ол журналистерге қайтарылмайтын депозит көлемі топтың жалпы жол жүру құнының 30 пайызын құраса, бұрындары бір орынды резервке қоюға 290 теңге көлемінде алынғанын жеткізді. Қоғам басшыларының айтуынша, бұдан басқа барлық топтағы мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға қатысты ережеге өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, оларға жол жүру билеттері 50 пайыз көлемде, ал коммерциялық бағытта тасымалдаушының қалауына қарай жеңілдікпен беріледі. Ал бұрын мұндай жеңілдікті пайдалану тек І топтағы мүгедек жандар үшін ғана мүмкін болған еді.

Тағы бір айта кетерлігі, жолаушылар пойызында темекі тартуға тыйым салынады. Сонымен қоса жолаушының сапардан бас тартуына байланысты билеттерін қайтарып алғаны үшін 1000 теңге көлемінде алым алып қалу жойылды.

Брифинг барысында биыл 1 шілдеден бастап күшіне енген «Күту парағы» жаңа жүйесінің жұмысы мен тиімділігі, беріп жатқан нәтижелері туралы жетілдірілген жүйені жасаған компания өкілі Павел Пронин айтып берді.

– «Күту парағы» – бұл орын жоқ сәттерде орын тауып беруге ықпал ететін виртуалды көмекші. Бұл – адами фактор 100 пайыз жойылған, толықтай автоматтандырылған жүйе. Қазіргі таңда аталған жүйеге енгізілген жолаушылар үшін орын табылғаны туралы хабарлама электронды пошталары арқылы жолданып отырса, алдағы уақытта олардың телефон номерлеріне хабарлама арқылы жіберу жоспарлануда. 1 шілдеде іске қосылғаннан бастап бүгінге дейін «Күту парағы» арқылы 40 мыңнан астам адам билет тауып, сапарға аттанған. Ал бұл жүйе жоқ кезде осыншама адам алыпсатарларға жем болар еді деген сөз. Негізінде осы аралықта аталған жүйе 100 мыңға жуық бос орын тапты, бірақ бізге өтінім бергендер одан аз болды. Жалпы жүйе қызметін барлығы 200 мың адам пайдаланды, – дейді П.Пронин.

Әзірге Қазақстанда баламасы жоқ бірегей «Күту парағы» жүйесіне жолаушылар кез келген кассада ене алады. Орын болғанда билетті вокзалға келмейақ сайт арқылы алуына болады. 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты