Жаңа жоба: вокзалдарға турникеттер орнатылмақ

Жаңалықтар
27.08.2019, 11:48
Асел Танатарова

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы темір жол саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында вокзалдарға турникеттер орнату мәселесіне орай жаңа жобаны қолға алмақ. Аталған жоспар «Адал жол» жобалық кеңсесімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Бас көлік прокуратурасымен келісілмек.

Темір жол саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еліміздегі жолаушылар тасымалдау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бекітілуі тиіс «Темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау жүйесін жетілдіру бойынша жоспар» жобасына сәйкес, вокзалдарда турникеттер орнату арқылы шығарып салушылардың перронға өтуін шектеу нормалары енгізілмек, яғни перронға негізінен билеті бар жолаушылардың ғана өту құқығы болмақ.

Осы орайда, жоба авторлары жұртшылық пікірінің маңыздылығын ескере отырып, көрсетілген өзгерісті енгізу жөнінде көпшіліктің ой-пікірлері мен ұсыныстілектерін білдірулерін сұрайды. Бұл туралы халықтың пікірін жоба қызметкерлері әлеуметтік желілер мен халық арасында сауалнама жүргізу арқылы жинақтауда.

Айта кету керек, пікірлердің ішінен жобаға қарсы адамдардың қарасы көптігін бірден аңғаруға болады. Мәселен, Замира Хасенова:

«Бұл дұрыс емес! Балалары және ауыр сөмкесі бар жолаушы қайтпек? Пойыз бірінші жолаққа тоқтаса мейлі, ал екінші жолақта тұрса ше? Бұл мәселені шешеді деп ойламаймын, керісінше жолаушыларға қиындық тудырады» дейді.

«Тым асыра сілтеу сияқты. Билеті барлар ғана перронға шыққаннан жемқорлық азая қояды дегенге сену қиын және негізсіз деп ойлаймын» депті Бахтияр Бекназаров.

Taлғат Тілеукеев болса: «Жемқорлықты жоямыз деп жүріп адамгершілікті жойып алмайық. Мен қарсымын. Кейде таныс-туысымыз Тараз станциясы арқылы өтіп бара жатады. Мысалы, Қызылордадан Нұр-Сұлтанға. Сәлем беріп, қолынан ала алмаймыз ба сонда?» десе, Уали Болатбек:«Дұрыс емес. Әлемнің барлық мемлекетінде шығарып салу, күтіп алу процестері бар» деп уәж айтады.

Әрине, қандай шешім қабылданса да, халық ереже мен талапқа бағынып, орындайтыны хақ. Алайда, ол күшіне енбей тұрып, халыққа тиімді тұстарына баса мән беріліп, жолуашылар пікірі ескерілсе, нұр үстіне нұр.   

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда