Жаңа жол картасы жағдайы реттей ме?

Жаңалықтар
10.09.2019, 10:39
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда темір жол билеттерінің қолдан жасалып отырған тапшылығы және жол жүру құжаттарын рәсімдеу кезіндегі делдалдық және өзге де кереғар мәселелер қалай шешімін табады? Бұған қатысты «Жолаушылар тасымалы» компаниясына тағайындалып отырған шетелдік жаңа басшылық қандай ұсыныс айтады? ҚР ИИДМ көлік комитеті мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жауапты өкілдері қатысқан брифингте осы және басқа мәселелер сөз болды.

Темір жол көлігімен қоса әуе билеттері мәселесі де қарастырылған жиында құрлық арқылы жолаушылар тасымалы бойынша сұрақтарға ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Қайрат Асқаров және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру департаментінің директоры Салмен Амрин жауап берді. Сонымен қатар журналистерге алғаш рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған Михаэль Кортюм таныстырылды.

Олардың айтуынша, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін темір жол тасымалы саласында Жол картасы қабылданды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымындағы барлық деңгейдегі басқару құрамының «DeutscheBahn» компаниясының халықаралық мамандарына ауыстырылуы – осы мәселенің басты шешімдерінің бірі, бұл нақты нәтижеге бағытталған озық бизнес үлгіні енгізуге мүмкіндік береді. Ал ол бірінші кезекте жолаушылар тасымалының сапасынан көрініс табатын болады.

– Қазақстандағы теміржол билетінің тапшылығы шын мәнінде қолдан жасалған. Соның деңгейін төмендетіп, түп тамырымен жою үшін жасалған Жол кар тасы жобасы аясында жолаушылар тасымалы жүйесін жетілдіруге қатысты жоспар жасақталды, жұмысшы және жобалық топтар құрылды. «Мобиус» жүйесі мен «Күту парағы» жобасы да осы бағытта енгізілген. Бұлардың бәрі билет алу кезінде бақылауды күшейтуге бағытталған, – дейді Ж.Тайжанов.   

Оның айтуынша, билетке топтық тапсырыс беру бойынша құжат рәсімдеу және қайта рәсімдеу талаптары тереңдеп өзгертілген. Топтық тапсырыс беру бойынша рәсімдеу барысындағы мерзім ауыстырылған. Сонымен қатар комитет делдалдарға қатысты жазаларды әкімшіліктік кодекс деңгейінде қатаңдатуды қолға алмақ. Биыл вагондар тапшылығын азайту үшін 63 вагон сатып алынып, оның 40 вагоны іске қосылған. Жалпы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін жылына 150 вагон сатып алу жоспарлануда.

Көлік комитеті биыл жүргізген рейд кезінде 534 жолаушылар пойызын тексеріп, билетсіз мінген жолаушылар, рәсімделмеген жүктерге қатысты көптеген заңбұзушылықтарды анықтаған. Оларға қатысты 13 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Одан басқа 30 шілде мен 7 тамыз аралығында «Жол жүру билеттерін алып сататын делдалдарды және билетсіз жолаушыларды анықтау» бойынша акция ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 148 заңбұзушылық тағы анықталған.

– Өз тарапымнан айтарым, таяуда бізде ревизорлық қызмет реформаланды. Бұрын бұл қызмет жолаушылар тасымалы штатына кірген болса, енді ол ұлттық компанияның тікелей қарамағында. Талаптарға сай оның қатарына құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеу тәжірибесі бар теміржолшылар алынуда. Мұның бәрі салаға бәріміз күтіп отырған нәтижені беретін жаңа серпін береді деп сенеміз, – деді Қайрат Асқаров.

Ал осы жылы 1 шілдеде іске қосылған «Мобиус» жаңартылған жүйесі туралы толығырақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру департаментінің директоры Салмен Амрин баяндап берді. Оның мәлімдеуінше, бүгінде «АСУ Экспрес» сату арналары жойылды. Бұл билеттерді алыпсатуды азайтуға мүмкіндік берген. «Күту парағы» жүйесі жұмыс істеген 2 ай ішінде 239 мың адамның тапсырысы тіркеліп, 59 мың жолаушы билет алған. 89 мың адам түрлі себептермен билет алудан бас тартқан. Бұл дегеніңіз – 140 мыңға жуық билет делдалдар қолынан сусып кетті деген сөз. Сонымен қатар терминал ревизорлар іске қосылды. Бұрын ревизорлар қағаз жүзінде тексеретін. Енді мобильді терминалдар қолданылуда екен.

– «Мобиус» жүйесі бойынша қолданушылармен жұмысты бақылау жолға қойылып, 60 желі қолданушы бұғатталды. Олар – күту парағын пайдаланып, билет сатып алатын алыпсатарлар. Мәселен, осы жүйеде тіркелген пошта мекенжайларының 3 пайызы тапсырыстың 61 пайызын берген. Бір пошта жәшігіне 2500-ге дейін тапсырыстан келген. Мұның бәрі – делдалдардың ісі. Біз мұнымен күрес түрін де ойлап таптық. Яғни, «Күту парағын» растау жүйесін іске қосудамыз. СМС жүйе арқылы жасалады. Бүгінгі таңда ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. 

Жыл соңына дейін осы жаңа жүйе іске қосылмақ. Әрбір белсенді тапсырыс үшін соны растайтын СМС хабарлама келіп түседі. Мәселені осылай шешпекпіз, – дейді Салмен Амрин.

Брифингте спикерлер журналистерді толғандырған өзге де сұрақтар бойынша жауап берді.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты