Теміржолдағы адал еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Аймақтар
14.11.2025, 10:08
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы Қызылорда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы Жандарбек Өтегеновті асқаралы алпыс жасқа толуымен құттықтады.

Жандарбек Сиятұлының есімі аймақ теміржолшыларына жақсы таныс. Өйткені ол – өмірін ел экономикасының күретамырына айналған саламен байланыстырған азамат. Темір жолды өз тағдырының бір бөлшегіне балаған жанның өмір жолы – адалдық пен еңбекқорлықтың көрінісі.  

Өтегеновтер – танымал теміржолшылар әулеті. Сондықтан жол бойында туып-өскен баланың ата кәсібін таңдауы таңсық емес. Жандарбек Сиятұлының еңбек жолы темір жолдың түрлі буындарында өтті. Қай қызметте де өзін талапшыл, тәртіпті, іскер маман ретінде көрсетті. Бөлімше бастығының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған жылдары өңірдегі вокзалдардың қауіпсіздігі мен қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.  

Биылғы Республика күні қарсаңында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков Жандарбек Өтегеновтің сол еңбегін жоғары бағалап, мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.  

Бүгінде ол – Қызылорда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы. Аймақ теміржолының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымда да Жандарбек Сиятұлы сенім мен жауапкершілік үдесінен шығып отыр.  

Басшылық атынан жауапты маманды 60 жылдық мерейтойымен құттықтаған бөлімше директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев оның көп жылғы адал қызметін ерекше атап өтіп, «Алдағы уақытта ел экономикасының күретамырына айналған темір жолдағы еңбегіңіздің жемісін көріңіз» деген тілегін білдірді.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты