Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Кітап көрмесі өтті
Оқуға 1 мин
«Шымкент бөлімшесі» ЖТ филалының ғимаратында Қазақстан халықтары тілдерінің республикалық фестивалі аясында екі күндік «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бірқатар көрнекілік құралдар мен әдістемелік нұсқаулықтар қойылған көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты аймақтағы Ғылыми-техникалық ақпараттандыру және талдау орталығының ұжымы ұйытқы болды. Екі күндік іс-шарада аталған ұжым мамандары мемлекеттік тілдің қоғамда алатын орнын насихаттап, қазақ тілін игеруге деген ынтасы бар қызметкерлерді оқулықтармен таныстырды. Жалпы, бұл шараның мақсаты, оқырман қауымды көбейту арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болатын. Шараға қатысушылар көрмеден мол әсер алды.