Жолшыларға жеңілдіктер жасалуда

Жаңалықтар
27.09.2016, 17:41
Семей жол дистанциясының теміржолшылары биылғы жазда бір тыным таппай еңбек етсе, қазір қоңыр күзде жол күтімімен қоса алдағы қатал қысқа даярлықты пысықтап, кем-кетіктерін түгендеп әлек.    Локоть – Семей, Дегелең – Семей телімі бойынша қызмет көрсететін ПЧ-39 мекемесі ағымдағы жылы 21,5 шақырымдық желі бойына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді межелеген болатын. Қазіргі сол жұмыстарын тәмамдауға жақын. Қажетті материалдар мерзімінде келіп түсуде. Сонымен қатар, аталмыш жұмыстар аясында 9 бағыттамалы бұрмалар ауыстырылып, орнына темір-бетонды түрлері салынып жатыр. Бұл жолдың балдық сапасын арттыратыны анық. Жалпы, жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуы басты міндет. Сол себептен де, станциялық жолдарда ағымдық жұмыстар іркіліссіз жүргізілуде. Жол сапасын ойдағыдай ұстау үшін алдағы үш жылға да жоспар жасалынған. Соның ішінде бір айта кетері, 1929 жылы Түрксіб құрылысы кезінде Ертіс өзені үстінен салынған ұзындығы 643 метр болатын темір жол көпіріне күрделі жөндеу жүргізу көзделуде. Аталмыш нысанға ел Тәуелсіздігі жылдары кең көлемді жұмыс жүргізілмепті. Қазіргі күні тиісті техникалық зерттемелер жасалуда. Егер  департамент тарапынан бекітілер болса, 2018 жылы аталмыш көпірді ПЧ-39 теміржолшылары өз күштерімен жаңалап алмақ. Ал әзірге мүмкіндігіне қарай жамап-жасқап, әрлеп-сырлап қоюда.  Жолшыларға жеңілдік те жасалуда. Мәселен, бүгінде «ЖЕЙСМАР» кешенді машинасының берері мол болып тұр. Сол себептен де жолшылар шпалдарды қолмен ауыстырудан арылды. Жалпы қазіргі күні аталмыш дистанция бойынша жол сауықтыру ісінде техникадан қажеттілік жоқ. Техника дегеннен шығады. Биылғы жылдың тағы бір ерекше жаңалығы – аталмыш дистанцияның игілігіне 4 бірдей жол талғамайтын ауыр жүк көлігі – будкалы КаМАЗ машиналары беріліпті. Жасыратыны жоқ, осыған дейін қажеттіліктердің туындауы себепті жолшылар «Газ-53» көлігінің үстіне будка қойып, желі бойына сонымен қатынайтын-ды. Ендігі аралықта мұндай қолайсыздықтар жойылды.     –Әлбетте, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау мен технологиялық процесс тәртібін сақтау аса қажетті мәселе. Бұл міндеттемелер аясында жоспарлы шаралар бар. Оның бір данасына, қысқа даярлық та кіреді. Жол сапасын арттырумен қатар қатал маусымға әзірлікті де күшейттік. Соның нәтижесінде, дәл қазіргі күні алдағы қысқа 85 пайыз даярлық жұмыстарын жасадық,– дейді ПЧ-39 мекемесінің директоры Рахат Ботаспаев. Қазіргі күні аталмыш дистанция қауіпсіздікті сақтау және еңбекті қорғау ісі бойынша да үздік көрсеткіштерге қол жеткізіпті.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді