Жапонияда қорғалған жоба

Жаңалықтар
01.11.2019, 09:23

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров жетекшілік еткен делегация Токиода өткен Теміржолшылардың халықаралық одағы Азия-Тынық мұхит аймағы Ассамблеясының 28-ші отырысына қатысып, олжалы оралды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері 2019 жылы орындалып жатқан «Цифрлық көліктік дәліз үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік» жобасы бойынша алдын ала есеп беру рәсімін өткізді. Отырыс барысында 2020 жылға жеті жобалық бастама бекітілді, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚның «Цифрлық технология көмегімен теміржол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсетуді болжау» (PMDT) жобасы бар.

PMDT жобасының мақсаты – нақты жағдайы бойынша жол шаруашылығы нысандарына қызмет көрсету және жоспар бойынша жөндеуден жөндеуге өту үшін тұжырымдама әзірлеу. Жобаның үш басты міндеті ретінде, ағымдағы жағдайды зерттеу мен алынған ақпаратты саралау, нақты жағдайға сәйкес жоспарлы жөндеуден жөндеуге өтуді қамтамасыз ететін пилоттық жұмыстар және құралды (ақпараттық жүйені) құру тұжырымын әзірлеу айқындалды. Аталмыш шара шеңберінде сондайақ, қазақстандық делегация Теміржол көлігін техникалық зерттеу институтының қолдауы бойынша ұйымдастырылған 2019 Дүниежүзілік теміржол зерттеулер конгресіне (RTRI), ТЖХО АТАА Басқару комитетінің 17ші отырысына қатысты екіжақты кездесулер өткізілді. 

Бауыржан Орынбасаров ТЖХО жаңа Бас директоры Франсуа Давеннемен келіссөздер жүргізіп, соның барысында ТЖХО АТАА жобалық қызметі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ ары қарайғы жұмысы, сондай-ақ Компанияның «Қауіпсіздік жөніндегі мәліметтер базасы», «Электрондық пломбалар», «Пилоттық блокчейн» және «Экологиялық есептілікті жақсарту» жобаларына (аталған жобалар бастамашысы – ТЖХО) қатысу мәселелері талқыланды. ТЖХО АТАА-ның 30-шы мерейтойлық отырысы 2020 жылдың 7-8 қазанында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп күтілуде.


Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті