Апаттың алдын алды

Жаңалықтар
12.11.2019, 10:37
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігі ережесінің бұзылуына жол бермеген өткел кезекшісі Асқар Ердекешовтің қырағы әрекеті апаттың алдын алды.

Жуырда Ақтөбедегі магистральдық желі бөлімшесінде қозғалып бара жатқан №3508 жүк пойызы вагонынан кемшілікті анықтаған өткел кезекшісімен кездесу өтіп, тәжірибелі маманға құрмет көрсетілді.

Оқиға 15 қазанда күзетке алынған өткелде болған. №38 разъездің 1753 шақырымында №3508 жүк пойызы тоқтатылды. Өткел кезекшісі пойызды шығарып салып тұрған кезінде 37 вагоннан түтін шығып бара жатқанын көрген. Жағдайды бірден разъезд кезекшісіне хабарлап, пойыз тоқтатылып, ағытуға ұсыныс беріледі.

«Әр бөлімшеде қозғалыс қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінеді. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету кезінде вагон қараушылар доңғалақтағы қауіпті жарықшақты, вагон тіркемесіндегі құйма құрылғының ақауын анықтады. Жылжымалы құрам үздіксіз қозғалыста болғандықтан қауіпсіздікті үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Өткел кезекшісінің ақауды анықтауы бір бұл емес. Осындай мамандарымызға алғысымызды айтып, ынталандырып отыру – парызымыз», – деді Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай.

Өткел кезекшісін Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық табыс еткен басшылық жоғары жаққа наградаға ұсынуға ұсыныс жіберді. Мамандар пікірінше, егер ақау дер кезінде анықталмаса, дөңгелек қозғалмай қызып, рельсті сындырып жіберуі немесе өзі сынып, вагонның аударылып кетуі әбден мүмкін еді. Ақауды анықтаған өткел кезекшісі Асқар Ердекешовтің теміржолда 26 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Қауіпсіздік – біз үшін басты талап. Қозғалып бара жатқан жүк вагонынан вагоннан түтін шығып жатқанын байқап, бірден хабар бердім. Марапат алғаныма емес, алдымен қауіпсіздікке үлес қосып, апаттың алдын алғаныма қуаныштымын», – деді 52 жастағы маман. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?