Сабырхан НӘДІРБАЙ, Шиелі
ҚУАТ КӨЗІНДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ
Оқуға 2 мин
Шиелі станциясындағы аудандық электр желісі Түркістан мен Майлытоғай станциялары арасындағы темір жол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысының сақталуына қызмет жасайтын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының тораптық учаскесі.
Екі жүзден астам шақырымды алып жатқан телім бойындағы СОБ, АЛСН және КТСМ-02 құрылғыларына техникалық күтім шаралары жүргізіледі. Телім бойындағы электр қуатының үнемі, кідіріссіз берілуіне әзірлік барысында резервтік дизельді генераторлар қойылғандықтан, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру назардан тыс қалмай өткен тоқсанда барлық генераторлар кезек-кезегімен бір сағаттан 15 мәрте жұмысқа қосылыпты. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында электр құрылғыларына жыл басынан бері жасалатын күтіп баптау жұмыстары күн тәртібінен бір сәт болса да түскен емес. Осы бағытта автобұғаттау мен тоқ көзі құрылғыларының жоғары кернеулі желілерінің жыл басынан бері 1404,7 шақырымы, 10 км автобұғаттаудың әуе өтпелері де тексеріліп бақылаудан өткізілген.
–Қазіргі таңдағы ағымдағы жұмыстар барысында 3 дана жоғары қуатты электр бағаналары құрылғыларының жай күйі тексерілсе, 108 дана бағана бақылаудан өткізілген. 185 дана электр бағанасының шіру жағдайы сараптан өткізіліп, 5 дана РЛНД сыннан өткен. Аймақтың сортаң климаттық жайы электр құрылғыларының іске жарамдылығына кері әсер беретіндіктен электрмен жабдықтаушылар бұл жайдың алдын алу үшін 305 дана бағананың (оқшаулағышын) изоляторын тазалап, қайта ораған. Және де шиелілік электриктер 2511 дана нөмерлі белгілер мен техникалық қауіпсіздік плакаттарын жаңалады, – дейді желі басшысы Алмат Үмбетов.
Сонымен қатар аудандық желі еңбеккерлері жоспарлы жұмыстармен қоса, қосымша іс-шаралар жүргізуде. Мәселен 15 дана темір-бетон бағананың қирау дәрежесін анықтап, 2 дана ПОНАБ КТПО-ға ревизия жүргізілген. 24 электрооқшаулағыш ауыстырылып, 324 байлам ауыстырылыпты. Күтім барысында тозығы жеткендігі анықталған 3,750 км электро сымы ауыстырылған.
Шиелі ауданаралық электр жүйесінің Бесарық пен Жаңақорған станцияларында мантерлік пункттер бар. Әр ауысымда 8 адамнан жұмыс жасайтын қызметкерлер қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауы үшін жауапкершілікпен қызмет жасайды.