Күзгі байқау жоғары нәтиже көрсетті

Жаңалықтар
03.10.2016, 12:22
Бүгін, қыркүйектің 30-шы жұлдызы күні Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ұйымдастырылған ең іргелі науқандық шара – күзгі байқау өз мәресіне жетті. Семей және Жаңасемей станциялары бойынша бастау алған биылғы сын Семей – Локоть телімі бойынша толық қадағалау жұмыстары жүргізілген соң аяқталды. Ағымдағы жылғы тексеру қазірдің өзінде желі бойында нәтижелі жұмыс жүргізілгенін көрсетіп отыр. Байқауға даярлық шараларының ерте қолға алынуы және жол шаруашылығы мен өзге де мекемелерді материалдық тұрғыдан уақытында қамту ісі осындай озық көрсеткішке қол жеткізіпті. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, байқау барысында бірінші кезекте көктемгі сын кезіндегі ескертпелер тексерілген. Нәтижесінде олқылықтар толық жойылған, анықталған ақаулықтар қалпына келтірілген. Ал екінші кезекте желі бойындағы теміржол нысандарының алдағы қысқа даярлығы назарға алынды. Бұл шара бойынша да жаз бойы өнімді іс жүргізілгені мәлім болды. Шалғайдағы станциялар мен жол айрықтары 90 пайыз қысқа дайын. Қазіргі күні мекемелерге қатты отындар түсіріліп жатыр. –Сонымен қатар, желі бойындағы теміржолшылардың әлеуметтік мәселесі де баса назарға алынды. Белгілі болғандай, сала қызметкерлері үшін елеулі жұмыс жасалынғанын айтып өтуге болады. Мәселен, Үшбиік станциясында теміржолшылардың өз күшімен платформа күрделі жөндеуден өткізілген. Бұл жолаушылар үшін де тиімді. Мұнымен қатар, барлық мекемелердің жылыту жүйелері, қазандықтары да толық тексерілді. Осы ретте бірқатар мекемелер бірігіп, ортақ жылыту қазандықтарының қызметіне сүйенбек. Бұл артық шығынға жол бермей, қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлығы да техникалық талапқа сай. Қорыта айтқанда, биылғы күзгі байқау бұрынғы жылдардағыға қарағанда анағұрлым жоғары нәтиже көрсетті, – дейді пікір білдірген бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы. Әсіресе, 116,4 шақырымды қамтитын Шар – Жаңасемей телімі бойындағы жол айрықтары танымастай қайта жаңарыпты. Қызметтік өткелдер толығымен бетондалып, ғимараттар бастан-аяқ әктеліп-сырланған, көз сүйсінерлік. Яғни, нысандардың барлығы эстетикалық талапқа сай. Жолшылар мен локомотившілердің демалыс үйлері мен жылыну үйшіктері де жаңғыртылған. Бірқатар шағын станцияларда теміржолшылардың өз күштерімен балалардың ойын алаңқайлары да әзірленіпті. Алдағы қазан айының 13-і күні күзгі байқаудың қорытындысы шығатын болады. Осыған орай ұйымдастырылатын жиында еңбекті қорғауда, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда және қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қамтуда үздік саналған мекемелерді басшылық тарапынан марапаттау туралы ұсыныс көтерілуде.

Қуан ЕРТІС, Семей

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты