Хромтау – Алтынсарин: он екі жыл есебі

Жаңалықтар
03.10.2016, 12:40

Ақтөбе өңірі мен еліміздің солтүстігін және орталығын жалғайтын Хромтау – Алтынсарин темір жолы құрылысы басталмай жатып, оған Ғасыр жобасы деген атау берілді. Құлазып жатқан иен далада темір жол өтеді деп деген ой ешкімге келмесе керек. Бұл кезде Қазақстанның елордасы Астана болғанына да он жылға таяп қалған еді. Ал бас қалаға жету үшін жолаушылар Ресейді айналып, шекарадан өтуде көп уақытын жоғалтатын. Сонымен, 400 шақырымнан асатын Хромтау – Алтынсарин темір жол желісінің құрылысы 2001 жылы маусым айында басталып, алғашқы темір жол көлігі жаңа тармақпен 2005 жылдың желтоқсан айында жүрді. Аталған бағыттағы темір жол желісінің 402,5 шақырымын магистральдық, 40,22 шақырымын станциялық жолдар алып жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында 13 станция мен разъезд, 11 көпір, 151 су құбыры жаңадан іске қосылды. Межеленген қаржының бір бөлігі республикалық бюджеттен, екінші бөлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ есебінен бөлінді. Алтынсарин – Хромтау темір жолын салу арқылы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі темір жол желісін толыққанды қалыптастыру жұмысы аяқталды. Нәтижесінде, республиканың батыс бөлігіне жүк тасымалдау, соның ішінде астық экспорттауға жұмсалатын тасымал бағасы анағұрлым төмендеді. Жолдың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Хромтау – Алтынсарин темір жол желісі орталық пен шығыс аймақты батыс облыстармен байланыстыруда ара қашықтықты 2 мың шақырымға, жолаушылар үшін 1,5 мың шақырымға немесе 15 сағатқа қысқартқанын атап өтті. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарынан ет, бидай, металл өнімдерінің мұнайлы өлкеге жеткізілуіне де қолайлылық туды. Жалпы, сол кездегі құзырлы министрлік таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2005 жылы қызмет етіп тұрған жол аралығымен 5,5 мың тонна, ал 2006 жылы 8 мың тоннаға жуық жүк тасымалданыпты. Негізінен бұл жолмен, көбінесе, темір рудасы, қара металл, астық, мұнай өнімдері және көмір тасымалданады. Оның үстіне, қазақстандық өнімді Балтық және Қара теңіздер арқылы экспорттауға үлкен мүмкіндік туындады. Ал, жергілікті халық жаңа жолдың салынуынан не ұтты? Әйтеке би ауданының тұрғындары бұрын мұнда жол салынады деген әңгіме тарағанда, бірден сене қоймағандарын айтады. Тіпті, өмірінде пойыз атаулыны көрмегендер көп екен. Содан болса керек, жергілікті билік маман даярлау үшін тұрғындардан арыз қабылдай бастаған кезде, пысықтары ғана құжаттарын тапсырыпты. Бұрын бос кеңістік еді, арғы жағында шағын әуежай болды. Ойын балалары сол маңда жүгіріп ойнайды екен. Өріске мал айдайтын көрінеді. Жылдар өте дәл сол жерлерге темір жол төселіп, пойыз жүйткитіні үш ұйықтаса да тұрғындардың түсіне кірмеген. Өңірде даму, алға жылжу болады деп мінберлерден айтып жатты ғой. Аз уақытта барлығы іске асып, құрылыс жұмыстары қыза бастағанда ғана, елде сенім пайда болды, – дейді темір жолға жұмысқа алғаш болып орналасқандардың бірі, Әйтеке би жол дистанциясының қызметкері Нұрлан Исаев. – Ауылда жұмыс жоқ. Жолдасым да темір жол оқуын оқыған. Азды-көпті тәжірибесі болғанымен, еш жерде тұрақты жұмысқа алмады. Күндердің күнінде ойламаған жерден екеуміз де жаңадан ашылып жатқан екі темір жол мекемесіне орналастық. Ол вагон депосына барды, мен жол дистанциясына кірдім. Бастапқыда пәтер жағалап жүрдік. Бір бөлмені жалға алатын едік. Темір жол тартылғалы оның бағасы да шарықтап кетті. Абырой болғанда, екі-үш жыл дегенде ағайынның көмегімен, жиған-терген қаражатымызға баспана сатып алдық. Бүгінде үш баламыз бар. Үлкені биыл мектеп бітіреді. Шүкір, жағдай жақсы. Он жылда ауылымыз адам танымастай өзгерді. Автожол, темір жол тартылғалы аудан орталығы мүлдем басқа реңге кірді, жаңа сауда орындары ашылды, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдары қаладан күн сайын жеткізіліп жатыр. Ауылда жаңа нысандар бой көтеріп, қызмет көрсету орындары ашылды. Жаңа мешітіміз де бар. Жақында Әйтеке би ауданына көгілдір отын тартылып, ауыл халқы мәз-мейрам болды. Салтанатты шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та келіп, тұрғындардың қуаныштарымен бөлісті. Қысы қатты өлкенің тұрғындары баспаналарын көмірмен жылытып келсе, енді пеш жағып, әуре-сарсаңға түспейді. Ал, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда алар болсақ, жүздеген адамның жұмыспен қамтылуы, мыңдаған жолаушының діттеген жерлерге жылдам жетуі, жүк тасымалының қарқын алуы бәрі Хромтау – Алтынсарин темір жолының салынуымен жандана түсті.

Асқар АҚТІЛЕУ, Әйтеке би

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын