Цифрлық технология: Зияткерлік білім сайысы

Цифрландыру
04.07.2025, 08:48
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ақпараттық технологиялар дәуірінде көлік логистикасы мен жүк тасымалдау саласының автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) мен цифрлық платформаларсыз дамуы мүмкін емес. Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде өткен семинар цифрлық технология бойынша білім жетілдіріп, заманауи жүйелермен жұмыс жүргізу дағдыларын нығайтуды көздеді.

«Тасымалдау қызметіне байланысты автоматтандырылған басқару жүйелерін және ақпараттық жүйелерді пайдалану» тақырыбындағы семинарды ұйымдастыруға бастамашы болған – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры Савушкина Ирина Юрьевна. Айтуынша, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл семинардың басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар тәжірибе алмасу алаңын құру.  

Семинарға жүк тасымалына қарасты аймақтағы барлық станция мен мекемелерден белсенді теміржолшылар, жас мамандар қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Қызылорда бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, саланың даму болашағының өзегіне айналып отырған сандық технологияның маңызын айрықша атап өтті.  

Семинардың алғашқы бөлігі теориялық тақырыпты қамтыды. Қызылорда ЖТ – АБЖ бөлімінің бастығы Нұртуған Өтеғұлов кәсіби қызметте жасанды интеллектіні қолдануға қатысты, жетекші инженер Жәнібек Қалниязов ГУ-38 нысанды электронды вагон парағы тақырыптарында баяндама жасап, талқылауға ұласты.  

Семинардың келесі, практикалық бөлігінде қатысушылар үш командаға бөлініп, өзара сайысқа түсті. «АСАР АСУ» командасының жетекшісі – Сексеуіл станциясы бастығының орынбасары Мұқан Бұхарбаев, «Темір Тұлпар» командасының жетекшісі – ТЧЭ-36 Сексеуіл депосы бастығының орынбасары Бауыржан Тұрмантаев, «АСУ PRO» командасының жетекшісі – Қызылорда станциясы бастығының орынбасары Әмірбек Матжанов. Командалар интерактивті тапсырмалар мен ойын элементтері бойынша білімдерін ортаға салды. «Вагон сұрақтар» ойынында командалар түрлі тақырыптық сұрақтарға жауап берді. «Терминология» ойыны арқылы темір жолға қатысты сөздерді қазақ әріптерімен құрастырды. «Сандық пазл» ойынында хабарлама құрылымын құрастырды. «Жалғанды тап» ойыны – үш ұсынылған фактіден жалғанын анықтауды талап етті. «Ұпай шайқасы» ойынында командалар кезекпен бір-біріне сұрақ қойды. Дұрыс жауап болмаса, ұпай қарсыласқа өтті. «Анаграмма» ойынында командалар темір жолға қатысты сөздерден анаграмма жасады. «Картиналық квестте» қатысушылар шифрланған сөзді шешсе, «Мені түсін» сайысында команда мүшесінің ыммен жасаған әрекеті арқылы теміржол терминдеріне түсінік беріп шешу қажет болды.  

Ойын барысында проблемалық сұрақтар да көтеріліп, қатысушылар салаға қатысты ұсыныстарымен де бөлісіп отырды. Нәтижесінде «АСАР АСУ» командасы 1-орынды, 2-орынды «Темір Тұлпар», 3-орынды «АСУ PRO» командасы иеленіп, оларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.  

– Семинар өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Осындай тиімді іс-шараны ұйымдастырып-өткізуге мұрындық болған Савушкина Ирина Юрьевнаға алғыс айтамыз. Оның бастамасымен мұндай семинарлар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Сонымен қатар біздің әріптестердің де еңбегі осал болған жоқ. АБЖ бөлімінің жетекші инженерлері Гүлнар Сыздықова мен Сейдулла Назира, АБЖ диспетчерлері Балнұр Нұрмуратова мен Гулфайруз Өмірзақова ерекше атсалысты, – дейді бөлімше директорының АБЖ бойынша орынбасары Абсұлтан Ерманов.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда