Трансауған теміржол магистралі іске аса ма?

Әлемде
02.07.2025, 10:37
Фото: «Узбекистон темир йуллари»

Өткен демалыс күндері Ыстамбұлда өткен Көлік байланысы жөніндегі жаһандық форумда Ресей көлік вице-министрі Дмитрий Зверев пен Өзбекстан өкілдері кездесіп, Трансауған теміржолын салу жобасын, ресейлік компаниялардың инфрақұрылымға қатысуы мен мультимодальды бағыттарды бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жоба — Ресей мен Өзбекстан арасындағы соңғы жылдардағы ең ауқымды бірлескен бастама. Оны іске асыру туралы келісім 2025 жылдың 8 сәуірінде жасалды. Қазір ресейлік және өзбек ұйымдары технико-экономикалық негіздемені (ТЭО) әзірлеп жатыр.

Талқыланып жатқан екі бағыттың біріншісі — Термез – Наибабад – Логар – Харлачи, ол Өзбекстан мен Пәкістанды ең қысқа жолмен байланыстырады. Екінші бағыт — Мазари-Шариф – Герат – Диларам – Кандагар – Чаман, ұзағырақ, бірақ Ауғанстанның батыс аймақтарын қамтып, ел ішіндегі көлік желісін нығайтады.

Жобаның нақты параметрлері анықталмайынша, бұл маршруттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау қиын. Бірақ «Узбекистон темир йуллари» компаниясының белсенді қатысатыны анық. Себебі Өзбекстан үшін бұл жоба аса маңызды — ел теңізге тікелей шыға алмайтындықтан, порттарға қолжетімділік іздеуде. Осы мақсатта Ирандағы Шахид Раджаи портында логистикалық орталық салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Өзбекстан Пәкістанның Карачи мен Гвадар порттарына шығуды қалайды.

2024 жылдың тамызында Өзбекстан Ауғанстандағы Хайратон – Наибабад – Мазари-Шариф теміржол желісін қалпына келтіріп, іске қосты. Бұл жұмыс Трансауған магистралінің алғашқы қадамы ретінде бағалануда.

 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді