Жаңа маусымға – жаңа вагондармен

Жүк тасымалы
04.07.2025, 09:09
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылатын «Қазтеміртранс» АҚ әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауда шешуші рөл атқарады. Компания жыл сайын вагон паркін жаңартып, жүк тасымалын қажетті жылжымалы құраммен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ паркіндегі вагондар саны 39 000 бірліктен асады. Оның ішінде 29 067 ашық вагондар, 6 274 жабық вагондар. Жүк тиеу маусымы қызған шақта, жүктеменің де арта түсетіні белгілі, десек те компания мамандарының логистиканы икемді, ал жалға беру механизмдерін тиімді үйлестіре білуі нәтижесінде тұтынушылардың қажеттіліктері толық қанағаттандырылуда.  

Компания әлеуметтік жүктерді тасымалдау кезінде вагондар айналымын шапшаңдатуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Осыған орай жүк тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытын қысқарту, логистикалық маршруттарды оңтайландыру және нақты уақыт режимінде жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін бақылау үшін мердігерлермен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.  

Жылжымалы құрам паркін жаңарту компанияның даму бағдарламасына сәйкес, кесте бойынша жүріп келеді. Мәселен, 2023-2025 жылдарға арналған сатып алу-сату шартында 3000 жарты ашық вагон сатып алу қарастырылған. Бүгінгі таңда осы вагондардың 2 960 бірлігі жеткізілді. Бұл паркті кезең-кезеңімен жаңартуға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Қалған вагондарды жеткізу бекітілген кесте бойынша жалғасуда.  

Компания 2024-2025 жылдардағы астық және жылыту маусымын жақсы қорытындылады. Өзінің жеке және жалға алған паркіндегі 12 000 жуық ашық вагонды жұмылдыра отырып, сөз болып отырған маусым ішінде 23,3 млн тонна көмір, 3,2 млн тонна астық тасымалдаған. Ал жалға алынған жылжымалы құрамды пайдалана отырып тасымалданған көмір көлемін есепке алғанда жалпы көрсеткіш 45,5 млн тоннаға жетіп жығылған.  

Көмір тасымалы жүзеге асырылған негізгі бағыттар – Екібастұз, Шұбаркөл, Қызылжар, Нұра және Дегелең станциялары. Астықтың көп көлемі Көкшетау және Қостанай филиалдарынан тиеліп, басым бөлігі Қытай мен Орталық Азия елдеріне жөнелтілген. Жүктерді тасымалдау процесінің бұзылғаны туралы деректер тіркелмеген. Дегенмен, компания үнемі маусымдық жүктемелерге тап болатыны жасырын емес. Алайда, компанияның барлық филиалдары жұмыла жұмыс істеуінің және клиенттермен жедел әрекет етуінің арқасында алға қойылған міндеттер тиімді іске асырылуда деуге болады.  

Алдағы астық және жылыту маусымын жүк вагондары паркінің операторы қалай қарсы алады деген сауалымызға «ҚТТ» АҚ-ның Даму жөніндегі басқарушы директоры Еділ Искаков:  

– Қазтеміртранс жаңа маусымға жаңартылған және жабдықталған парк ұсынады. Басты назар заманауи ашық вагондарға, соның ішінде жаңа жеткізілімдерге аударылып отыр. Сонымен қатар қажетті резерв қалыптастырылған, қажет болған жағдайда қосымша жылжымалы құрамды тарту үшін жалға алушылармен өзара әрекеттесудеміз. Біз көмірді де, астықты да тұрақты және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз етуге дайынбыз, – деп жауап берді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты