Үздік өнертапқыштар марапатталды
Жаңалықтар
03.10.2016, 12:49
«Шымкент бөлімшесі» ЖТ филиалының акт залында техникалық шығармашылықта белсенділік танытқан үздік өнертапқыштарды марапаттау рәсімі өтті.
Жиынға Шымкенттегі «Қазтеміртранс» АҚ, «Қала маңы тасымалы» АҚ филиалдарынан, Арыс және Түркістан локомотив пайдану депосынан, Шымкент, Арыс жол дистанциясынан, Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы мен Арыс вагон жөндеу депосынан, Өрт сөндіру, Қалпына келтіру пойыздарынан техникалық шығармашылықпен айналысатын мамандар қатысты. Осы мамандар арасында «Темір жол көлік саласындағы адал еңбегі және техникалық шығармашылықты дамытқаны» үшін авторлық дипломмен Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Галина Попова мен осы дистанцияның жөндеу, тексеру (РРУ) цехының басшысы Нұрмұхаммед Қарабалаев марапатталып, «Үздік рационализатор» төсбелгілерінің иегерлері атанды, сондай-ақ, 15 айлық есептік көрсеткішті құрайтын сыйақыны қанжылады.
Үздік өнертапқыштарды марапаттауға Астанадан арнайы келген Ғылыми-техникалық ақпараттандыру және талдау орталығы бастығының орынбасары Жанар Ораз, өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік өнертапқыштар саны 1412 адамға жеткенін, оның 62-сі Шымкент өңірінен екенін және олар жалпы қатысушының 4 пайызын құрағанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықта өнертапқыштар саны 21-ге тұрақтапты.
– 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1289 өнертапқыштың жұмысы мақұлданды. Оның 49-ы шымкенттіктерге тиесілі болғандықтан, өндіріске енгізілген жаңашылдықтың 3,8 пайызын толықтырған. 2016 жылдың алты айында компанияға 597 рационализаторлық жұмыс ендірілсе, оның 15-і Шымкент өңірінен түсіп, барлық жұмыстың 2,5 пайызын құрады. Сіздерге техникалық шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалып отыр, сыйақысы да бар. Сондықтан баршаңызды техникалық шығармашылықты дамытуға шақырамын, – деді Жанар Байқожақызы.
Астаналық маман қазір автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ) арқылы Ғылыми-техникалық ақпараттық талдау орталығына түскен өнертапқыштық идея 7 жұмыс күні ішінде қаралатынын айтты. Бұл жүйе енген екі жыл ішінде, бүгінге дейін 480 мың жүйелік қатынас орнап, 30 мыңнан аса құжаттар көшіріліп, 180 мың құжат айналымда болған. Мұндағы қатты талап етілетін қордың бірі – «Электронды кітапхана» болған соң, керекті ақпараттық материалдарды ішкі корпоративтік жүйеде көшіріп алуға мүмкіндік мол. Соңы RAILWAYS.KZ болып аяқталатын барлық электронды адрестер «Электронды кітапханаға» тіркеусіз кіре алады. Сондай-ақ, өнертапқыштық идеяларының тиімділігі жайлы 2015 жылы 70 мақала жарыққа шығып, оқырман назарына ұсынылған.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен бірлесіп 2010 жылдан бері Компания жыл сайын «Рационализатор. kz» конкурсын өткізуді дәстүрге айналдыруда. 2015 жылы 13 өнертапқыштық жұмыс жіберілсе, осы жылы «Ең үздік техникалық шешім» атауына 20 үміткер қатысуға ниет білдіріпті. Аталған байқау жеңімпаздарының алды 1 млн, ортасы 500, соңы 300 мың теңге алатынын мәлімдеген Жанар Ораз, шымкенттіңк өнертапқыштарды бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырды. «Үздік рационализатор» төсбелгісінің енгізілгеніне биыл бес жыл болыпты. Содан бері осы төсбелгімен 61 жаңалық табушы теміржолшы марапатталған. Соның төртеуі шымкенттік, яғни жалпы үздік мамандардың 6,5 пайызын құрап отыр. Белсенді рационализаторлар ретінде Арыс вагон жөндеу депосының инженері Исламхан Алтаев пен Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Галина Папованың есімі айрықша аталды. Ал, қарағандылықтар 30 пайыздық үлеспен жақсы нәтиже көрсеткен. Тағы бір айта кететіні, жыл сайынғы «Менеджмент жобасы» конкурсы бойынша 4І жүйесінде идея жіберу мерзімі аяқталып, осы күнге дейін 356 жас маман тіркелген. Қазір бұл жүйедегі барлық жобалар құрылымдық бөлімшелер арасында бағалануда екен.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді