Қазақы дәстүрмен шапан жапты....

Жаңалықтар
04.10.2016, 10:59

9999999

Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимаратында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Берік Камалиев пен Ұлттық компания президенті Қанат Алпысбаев бүкіл саналы ғұмырын қазақ темір жолының дамуына арнаған Құрметті теміржолшы, Қазақстанның тұңғыш көлік министрі, экономика ғылымдарының докторы Нығметжан Есенғаринді  75 жас мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен қос-қостан шапан жапты.  Салтанатты шара барысында бірінші болып сөз алған Берік Сайлауұлы мерейтой иесіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.   «Құрметті, Нығметжан Қабатайұлы, 75-ке толған мерейлі жасыңыз құтты болсын! Экономиканың күре тамыры саналатын темір жол саласының білікті маманы, белді мемлекет және қоғам қайраткері ретінде сіздің еліңіз үшін жасаған еңбегіңіз зор. КСРО жол қатынастары министрінің орынбасары болып, үлкен басқару мектебінен өттіңіз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақтың Көлік министрі, Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, темір жол саласының жұмысын реформалауға, экономикамыздың жоғары қарқынмен дамуына, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет  елдерімен көлік қатынасын жолға қоюға қомақты үлес қосып келесіз. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де қоғам өмірінен қол үзбей, тәжірибелі маман, экономист ғалым ретінде өз білгеніңізді жастарға үйретіп келесіз. Мерейлі жасыңыз тұсында Сізге зор денсаулық, әулетіңізге амандық тілеймін! Еңбегіңіздің зейнетін ұзағынан көріп, бақытқа бөлене беріңіз!», – делінген екен Елбасы құттықтауында. Сонымен қатар ол ҚР Премьер-министрі мен ҚР инвестициялар және даму министрінің жолдаған құттықтау хаттарын мерейтой иесіне табыстап, министрлік атынан Н. Қабатайұлының иығына зерлі шапан жапты. Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаев та Компания басшылығы мен теміржолшы қауымы атынан жылы лебіз-тілектерін жеткізіп, дария кеуде, тау мүсін ардагер ағасына қазақы дәстүрмен шапан жауып,   «ҚТЖ» ҰК»АҚ символы бар естелік сағатты сыйға тартты. Сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП атынан Құрмет грамотасын табыстады.     Нығметжан Есенғарин ізін басқан інілерінің көрсетіп жатқан сый-құрметіне алғысын білдіріп, бойындағы бар қажыр-қайраты мен көп жылғы еңбегін тек бір темір жолға арнағанын атап өтті. –Бәрі де елдің мүддесі, халықтың пайдасы үшін еді. Елін сүйген ер азамат солай істеуі керек. Ес білгелі өмірім еңбекпен өрілді. Қай салада болсақ та, мемлекетке, елге игілік әкелетін істер үшін еңбек ету арқылы мемлекеттіміздің болашағын қалап, іргетасын бекіте аламыз. Мен нақты істе де, ішкі жан-дүниемде де теміржолшымын. Мүмкіндігімше, темір жол мүддесі үшін тер төге бермек ойым бар, – дей келе мерейтой иесі министрлік пен темір жол басшыларына өзінің әлі сиясы кеппеген темір жол туралы жаңа кітабын сыйға тартты. Темір жол тарланына осындай құрмет Алматы жүк тасымалы бөлімшесінде де  көрсетілді. Нығметжан Қабатайұлын құттықтауға бөлімше жетекшісімен қатар аймақтағы кәсіпорындар басшылары, сала ардагерлері, көлік компаниялары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері арнайы келген болатын.   –Осы жылдар ішінде сіз тек көлік саласына өз үлесіңізді қосып қоймай, қаламгерлік қабілетіңізбен де болат жолдың шежіресін теміржолшылар тағдырынан, темір жолдың түрлі кезеңдердегі тыныс-тірлігінен сыр шерткен мағыналы, тарихи кітаптар, басылымдарда кесектей-кесектей мақалалар жазу арқылы толықтырдыңыз. Бұл шығармаларыңыз ғалымның жазған хатындай болып, әлі талай кейінгі ұрпақтың керегіне жарап, темір жол туралы, теміржолшылар туралы ілім-білімдерін толықтыруға ықпал етері сөзсіз. Жазарыңыз көп болсын, ауырмай-сырқамай, ұзақ ғұмыр сүріңіз, – деп жүрекжарды тілегін жеткізген болатын Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Ерік Жидилов құттықтау сәтінде. Мансап қумай, темір жолға адал қызмет етуді мақсат еткен Нығметжан Есенғарин Қабатайұлы үшін болат жол оның бүкіл өмірі, бүгіні және болашағы болып қала бермек.  

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді