Көк тудың желбірегені

Жаңалықтар
13.11.2019, 19:41

Қызылорда станциясының теміржол вокзалы ғимаратының төріне Мемлекеттік рәміздердің бірі – Ту тігілді. Қала тұрғындарының бойына патриоттық рух ұялатып, жолаушылардың болмысына отансүйгіштік сенімін тереңдету мақсатында қолға алынған шараға партияның «Теміржол» филиалы белсенділері мұрындық болды.

«Менің Туым – менің Отаным» акциясы аясында өткізілген шараға арнайы шақырылған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев пен Магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараев пен теміржолшылар қатысып, көк туды мәртебелі тұғырға орналастыру рәсіміне куә болды. – Мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында өткен патриоттық шара акциясына нұротандық теміржолшылар да қолдау білдірді. «Nur Otan» партиясының өкілдері мен теміржолшы жастар қаланың бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы ғимаратында әнұранды шырқап, маңдайшасына көк туды желбіретті, – деді партияның «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева.

Салтанатты жиын барысында сөз алғандар мемлекеттік рәміздің қасиеті мен мән-маңызын түсіндіретін, азаматтардың рухы мен жігерін оятатын келелі ойлар айтып, елдік мұраттың биік болып, көк тудың мәртебесі қай уақытта да асқақтай берсін деген тілектерімен бөлісті.

«Мемлекеттік Туды қастерлеу, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы» деген «Жас Отан» жастар қанатының жалынды жастары да мерекенің ажарын ашып, жастарды игі бастамалардың ұйытқысы болуға шақырды.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты