Ислам ТАЛҒАТ
Құрылысы аяқталуда
Оқуға 1 мин
«Алматы-2» станциясында республика бойынша үшінші болып саналатын «Тальго» жолаушылар құрамдарына техникалық қызмет көрсету пунктінің құрылысы аяқталуға жақын.
Негізгі өндірістік корпуста бір уақытта төрт жолаушы құрамына қызмет көрсетілмек. Техникалық қызмет көрсету пунктінің өндірістік қуаттылығы тәулігіне 324 вагон. Құрамдарға тоқтап кідіріс жасаған уақытта, ағытып алмай-ақ қызмет көрсету қарастырылған. Жолға шығуға дайын құрамдар әрмен қарай жабдықталу үшін №5-ші жолға бағытталатын болады. Кезекті ТҚКП-нің пайдалануға берілуі, ұлттық тасымалдаушы ұсынып отырған қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады мамандар.