Қатал маусымға тастүйін дайын
Жаңалықтар
04.10.2016, 18:00
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты станциялар мен шағын бекеттердегі темір жол саласындағы мекемелерді, сол елді мекендердегі халықты сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, кәріз жүйелерінің қалыпты жұмысын үйлестіру, жылу беру тағысын тағы шаруалар «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің қызметі. Біз бүгін аталған мекеменің директоры Орын Оразғалиевті әңгімеге тартып, таза ауыз су және кәріз су нысандарының қысқы науқанға дайындығы, атқарылған жұмыстары туралы білдік.
–Бүгінде біз «ҚазТрансОйл» АҚ, «Маңғыстаужылу» және «Өзенинвест» МКК сияқты ірі кәсіпорындарға су жеткізіп беріп отырмыз. Су әлеуметтік тауар. Сондықтан табысынан шығыны көптеу. Сол себепті ірі кәсіпорындарға қызмет көрсету арқылы шыққан шығын орнын жабуға тырысамыз. Жалпы, біздің мекемеге қарасты сумен жабдықтау нысандарының су беру жылдық қуаттылығы 371,38 мың текше метр. Ауыз сумен қамтамасыз етілетін 6981 тұтынушының ішінде, 25% – жеке тұлғалар, 19,5 – заңды тұлғалар, 38,2% –темір жол мекемелері, 5%– бюджеттік мекемелер, 12,3% тұтынушылардың басқа топтары. Ал жылумен Маңғыстау станциясындағы 12 мекемені жабдықтап отырмыз. Оның екеуі бюджеттік, біреуі сыртқы, қалғандары темір жол мекемелері. Бейнеу станциясы бойынша жеті темір жол мекемесіне жылу беріп отырмыз, – дейді Орын Рауұлы.
Оның айтуынша, ауыз су және лас су айдау жүйесінің ғимараттары 1965-1966 жылдары салынған. Десе де, әлі жұмыс істеп тұр. Барлық талаптарға сай жабдықталып, толықтай жөндеуден өткен мекемеде 231 қызметкер өз міндеттерін қалтқысыз орындауда. «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің Опорный станциясынан Маңғышлаққа, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис және Өзен – Болашаққа дейінгі қызмет көрсету телімінің ұзындығы – 1356 шақырымды құрайды екен.
«Осы аралықтағы 7 станцияны орталықтандырылған су құбырлары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіп, кәріз суларын қабылдаймыз, ал 30 бекетке ауыз суды цистерналармен тасымалдаймыз. Біздің мекеме қарамағына 2014 жылдың қазан айынан бастап «Теміржолжылу-Атырау» ЖШС-нен Бейнеу және Маңғышлақ станцияларындағы жылу тарату қазандықтары берілді. Бүгінде серіктестік меншігінде 42,25 шақырым ауыз су құбыры, 27,12 шақырым кәріз су және 9,32 шақырым жылу тарату құбыры, 3 жер асты су ұңғымасы, 6 су айдау және 8 кәріз су айдау станциясы, сондай-ақ, 7 дана жоғары қысымды су мұнарасы мен 2 жылу беру нысаны бар», – дейді мекеме басшысы.
─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы шеңберінде қандай шаруалар тындырылды?
─ Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып, денсаулығын түзетуге негізделген тамаша бір бағдарлама болды. Қалай дейсіз ғой?! Су – тіршілік нәрі және таза ауыз су денсаулық кепілі. Сонымен, темір жол торабындағы нысандарды ауыз сумен жабдықтау және кәріз суларды қабылдау жүйелерін жаңарту, қайта құрылымдау және санитарлық талаптарға сай қылуға негізделген «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдары «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-не барлығы 344 788, 78 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бұл қаржыға, 14,72 шақырымдық ауыз су құбыры, 6,3 шақырымдық кәріз су құбыры жаңа талапқа сай полиэтилендік құбырларға ауыстырылса, 4 дана су мұнарасы, 5 дана кәріз су айдау нысаны, 1 дана су шығару ұңғымасы, 2 дана кәріз су тазарту қондырғылары, 2 дана өндірістік және әкімшілік ғимараттар толық күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ал Опорный, Бейнеу, Сайөтес, Шетпе станцияларына ауыз суды бактериядан тазартатын залалдандырғыш қондырғылар және Қаркөл, Үстірт станцияларына ауыз суды кешендік тазарту қондырғылары орнатылды. Сонымен қатар, осы бағдарлама негізінде «Оазис», «Р» бекеттерімен бірге 7-11-12-13-14-15-16 шағын бекеттердегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында жаңадан су құю құдықтары салынып, пайдалануға берілді.
–Алдағы қыс маусымына дайындық қалай?
–Алдағы 2016-2017 жылдардың қыс маусымына шаруашылықты дайындау бағытында биыл біз біраз шаруаның басын қайырдық. Мысалы, мекемеміздің өз қаражаты есебінен 42 086 660 теңге бөлініп, Опорный және Шетпе станцияларындағы кәріз су айдау стансасына, Сайөтес станциясындағы су айдау станциясының санитарлық қорғау аймағына, Үстірттегі ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Шетпеде су айдау станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, 8261,56 мың теңгеге серіктестікке керекті негізгі мүліктер, сораптар, су өлшегіш құралдар, автокөлік және орташа газ қысымын төменгі газ қысымына ауыстыру қондырғысы сатып алынды. Ал, су және жылу тарату тарифтерін бекіту жоспары бойынша, 8607,03 мың теңгеге Маңғышлақ және Бейнеу станцияларындағы жылу қазандығы орналасқан ғимаратқа, 3066,32 мың теңгеге Шетпе станциясындағы №9 су шығару ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Маңғышлақ станциясы бойынша биылғы жылы газ таратқыш қондырғы, газ өлшегіш құралы, жаңадан 25 дана ысырма мен ветильдер алынып, 52 метр жер асты жылу трассасы ауыстырылды. Қазандықтар мен жылу трассаларына 5 кг қысыммен толықтай сынау жұмыстары жасалынды, қазандықтар жылыту науқанына тастүйін дайын тұр. Бейнеу станциясында 7 тұтынушы темір жол мекемесі бар дедік қой. Мұнда да газ өлшегіш құралы, 18 дана ысырма толығымен жаңартылды. 280 метр жер асты трассаларына 4 кг қысыммен сынау жұмыстары жүргізіліп, қазандықтардың қатал маусымға дайындығы тексерілді. Өзен, Болашақтағы жылу қазандықтары да назардан тыс қалмай, жылу жүйелеріне 4 кг қысыммен сынау жұмыстары жасалынды. Мұның сыртында, жылу қазандықтарының маномертлері мен термометрлері толықтай тексерілді, – деп ЖШС басшысы Орын Оразғалиев қысқа дайындық жұмыстарынан толық хабардар етті.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды