Қалтқысыз қызмет көрсетпек

Жаңалықтар
05.10.2016, 17:44
Желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда маңызды міндет атқаратын қызмет түрлері мен сан алуан нысандар көп. Соның ішінде қызметі көп елене бермейтін, алайда, қызметі аса маңызды нысандардың бірі – компресс станциясы. Көп ретте станция басында рельс іргесіне, желілердің түйіскен тұстарына қысыммен жел беру арқылы тазалау жұмыстарын жүргізіп жататын жолшыларды жиі көресің. Алайда, көпшілік оның сыртында осы үшін үлкен станция жұмыс істейтінін, онда арнайы білікті мамандар күндіз-түні қалтқысыз жауапкершілікпен қызмет атқаратынын біле бермейді.   Жаз бен күздің алғашқы айлары компресс станциялары үшін қатал қысқа даярлық уақыты. Себебі, табиғаты қатаң өңірлер үшін аталмыш нысанның қажеттілігі қыс мезгілінде, тіптен арта түседі. Мәселен, Дегелең станциясындағы 39-шы Семей жол дистанциясына қарасты компрессор жуырда толығымен жөндеуден өтіп, қайта жабдықталып, алдағы маусымға сақадай сай болды.  2001 жылы пайдалануға берілген алып компресс станциясы негізінен Дегелең станциясына қарасты желі бойына қызмет көрсетеді. Қысыммен жел беріліп,  бағыттамалы бұрмалар арнайы шланг арқылы қар мен мұз кесектерінен, өзге де қоқыс түрлерінен тазартылады. Ал жаз мезгілінде құм мен қиыршық тастардан арылтады. Бұрындары мұндай жұмыстарды жолшылар кәдімгі сыпырғы арқылы қолмен жүргізетін. Жаңа нысан пайда болғалы, бұл қолайсыздық біржолата жойылды.   Бір бұл емес, қыста қармен күрес жүргізуде маңызды міндет атқаратын компресс станциясы, көктемде қызыл судан келер қауіптің де алдын алады. Яғни, желілердің түйіскен тұстары мен бұрмаларда мұздың қатуына жол бермейді. –Жаз бойы әзірлік жұмыстарын жүргіздік. Нысанның іші-сыртын әктеп-сырладық, абаттандырудан бөлек аппаратуралардың жекелеген қосалқы бөлшектерін, құбырларын ауыстырдық. Ескірген, дұрыс жабылмайтын крандарды жаңаладық. Сонымен қатар, мотор қондырғыларын арнайы тексеруден өткізіп, техникалық талапқа сай етіп алдық. Жалпы, компресс станциясы қазанның бірінен бастап қызмет көрсетуге толығымен әзір болды. Алайда, жұмыс алғашқы қар жауған түннен басталады. Сол себепті ауа райы болжамын алдын ала есепке аламыз, – дейді Дегелең станциясындағы компрессоршы Әсет Сұлтанов.   Қазіргі күні мұнда төрт адам еңбек етеді. Жұмыстың өзіне тән жауапкершілігі бар. Сол себепті мамандардың барлығы да кезегімен Павлодар қаласында арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіби біліктіліктерін шыңдап қайтыпты. Яғни, әрқайсысы компресс станциясында қызмет ету бойынша сертификат алған. Бұған қоса, олар жыл сайын қатаң түрдегі аттестациядан өтеді. –Жұмысымыз жауапты. Ұйытқыған қар аралас боран күндері түн мезгілінде көз ілмейтін кезіміз болады. Станция кезекшілері мен жол диспечерлерімен, жол шеберлерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бәрі де қозғалыс қауіпсіздігі үшін, – деген Әсет жуырда өткен күзгі байқау барысында аталмыш нысанның қысқа даярлығына жоғары баға берілгенін де атап өтті.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

Дегелең станциясы

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді