«Атамекен» суға түсірілді
Жаңалықтар
07.10.2016, 10:08
Кеше Ресейдің Нева кеме жасау және жөндеу зауытының кемені суға түсіретін қиясынан қазақстандық тағы бір құрғақ жүк таситын «Атамекен» атты кемесі түсірілді. Салтанатты рәсімге «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен аталған зауыттың өкілдері және Ленинград облысының ресми тұлғалары қатысты.
Кеменің тұсаукесері барысында сөз алған «KTZ Express» АҚ президенті Диас Ысқақов, бұл жаңалықтың мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру, ҚР құрғақ жүкті флотын дамыту, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі маңызды жобаның бірі екенін атап өтті. Бұл – осы жылдың ішінде ресейлік кеме жасаушылардың Қазақстан үшін жасап шығарған екінші кемесі.
– Қазақстандық сауда флотын кеңейту мақсатында биыл қаңтар айында аталған зауытпен көп функционалды 2 құрғақ жүк кемесін жасау туралы келісімшартқа қол қойылды. Көп кешікпей шілде айында осы зауыттан алғашқы құрғақ жүк кемесі «Жібек жолы» шығарылды. Қазір ол Ақтау портына, «үйіне» оралды, Каспий теңізі айдынында коммерциялық қызметтер атқаруға дайындық үстінде. Бұл жобаны Еуропа даму және қайта құру банкі қаржыландырды, өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында біздің қазақстандық құрғақ жүк флотын ұлғайту жөніндегі жоспарларымыз жүзеге асуда. Қазіргі заманғы жаңа кемелердің болуы мультимодальды логистикалық тізбектің теңіздегі бөлігін жалғауға, халықаралық жүк тасымалында бәсекеге қабілеттілік қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді «KTZ Express» АҚ президенті.
Қазақстандық құрғақ жүк кемелері «Өз жүгіміз – өз портымыз – өз флотымыз» принципі бойынша жұмыс істеп, негізгі құрғақ жүктер тасымалы көлемінің 20 пайызын құрамақ. 2020 жылға дейін Қазақстанның құрғақ жүк флоты 20 бірлікке дейін жеткізілмек, бұл Ақтау порты арқылы экспортталып, Каспий арқылы тасымалданатын құрғақ жүктердің 55 пайызын құрайтын болады деп күтілуде. 2018 жылдың соңына дейін Құрық портында кеме айлағында іске қосылатын екі темір жол кемесін салу жоспарлануда. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан өзінің құрғақ жүк флотын дамытуды бастаған. Сол жылы аталған портта «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері суға түсірілген болатын. Бүгінгі таңға дейін осы екі кемемен 150 мың тоннадан астам негізгі жүктер тасымалданыпты. Каспий Шығыс-Батыс-Транскаспийлік бағдар мен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәліздерін байланыстырады және ол елдің транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. Сондықтан еліміздің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясында Каспий теңізіндегі кеме қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
«Атамекен» – қазақстандық құрғақ жүк флотындағы төртінші кеме. Ол қазіргі заманғы талаптарға жауап береді және қауіпсіздіктің қазіргі заманғы жүйелерімен жабдықталған. Жаңа кемені суға түсіру барысында теңіз қағидасына сай кеме бортына аққайнар лақтырып, сындыру рәсімін Жанар Ибраева жасады. Ол – «Орал» ракеталық-артиллериялық кемесінің әскери бөлімінде радиобайланыс маманы, 1-ші сыныпты старшина, әрі Каспий маңы елдері бойынша әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемесінде қызмет ететін тұңғыш және әзірге жалғыз қыз.
–Маған Қазақстан үшін айтулы оқиғаның куәгері болу бақыты бұйырып отыр. Бүгін су жаңа кеме «Атамекен» суға түсірілді. «Атамекен» – Отан, туған жер дегенді білдіретін қасиетті ұғым. Мен жауынгерлік кемесінде жұмыс істеймін, білетінім, теңіз мемлекеттерді бөліп тұрса, кемелер түрлі елдердің, құрлықтардың жағалауларын жалғастырады. Жаңа құрғақ жүк кемесіне халықаралық жүк тасымалына табысты қызмет етіп, алыс-алыс порттарға Қазақстан туымен кіріп-шығып, жүктерді уақытында жеткізуде сәттілік тілеймін. Үлкен кемеге – үлкен жетістік! – деп ақжарма тілегін жеткізді Жанар Ибраева.
Дина МУЗДУБАЕВА,
Астана – Санкт-Петербор – Астана
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды