Халық қалаулылары – Алтынкөлде

Жаңалықтар
11.10.2016, 15:30
ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитет депутаттары «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы нысандарында болып,  көшпелі жиналыс өткізді. Іссапар барысында халық қалаулылары Алтынкөл темір жол станциясының қызметімен, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Алматы – Қорғас телімінің, «Қорғас» ХШЫО, «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА құрғақ порт нысандары құрылысымен танысты. Мәртебелі меймандарға жол бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен көліктік-логистикалық жүйелердің дамуы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ол Солтүстік-Оңтүстік, Транскаспий бағдары, Қытай – Еуропа бағдарлары бойынша тізбектің жаңа сәулетінде трансконтинентальдық көлік дәліздерінде Қазақстанның маңызды буын рөлін атқарып отырғанын, соның айқын дәлеліне, соңғы бес жылда Қытай – Еуропа бағдары бойынша тасымалдың 40 есеге өскенін, ал биылғы өсім 100 еседей болады деп күтілуде екенін алға тартты.    Еркін Семетайұлы,  транзиттік жүк ағынын жасақтауға сапалы инфрақұрылым мен сервис ықпал етіп отырғанын айтты. Осы мақсатта, көлік логистикасы, магистральдық темір жол, автомобиль инфрақұрылымы, сондай-ақ, терминальдық нысандардың даму жобаларын шоғырландырған «Нұрлы жол» бағдарламасының картасы жүзеге асырылуда. Дәлірек айтқанда, бұл «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА-ның дамуына, Боржақты – Ерсай темір жол желісінің, Алматы-1 – Шу телімінде екінші жолдардың салынуына, Құрық портындағы паромдық кешен құрылысына, сондай-ақ, Астанадағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын қайта жаңартуына қатысты жобалар.    Көшпелі мәжіліске қатысушылар Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі құрылысына, ЕЭА дамыту бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының табысты жүзеге асырылуына қатысты мәселелерге басымдық берді. Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко  «Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген, Мемлекет басшысының бастамаларын құқықтық қорғау бойынша Парламент тарапынан атқарылып жатқан заңдық тұрғыдағы шығармашылық жұмыс пен  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу туралы әңгімелеп берді.   «Жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және әуе тасымалын дамыту бойынша заң, Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағындарға интеграциялай отырып, әрмен қарай «Қазақстан темір жолын» дамыту сияқты Жоспардың басым бағыттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр», – деді В.Божко.    «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА дамып, «Жетіген – Қорғас» темір жолымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізімен технологиялық байланыс жасақталса, қазіргі таңда мықты индустриялдық-логистикалық хаб бой көтеруде, соның арқасында жүк тасымалы жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайып, тұрақты еңбекпен қамтылған халық саны 6 мың адамға дейін өседі деп күтілуде. «Біз бүгін барлық нысанды аралап, олардың құрылысымен таныстық. Біздің  бүгінгі сапарымыз, заңдардың жұмыс істеуімен байланысты, бұл заңдар кәсіпкерліктің табысты жұмыс істеуіне, өндірісті дамытуға, тұтастай алғанда Қазақстанның көлік әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқық алаң жасауға бағытталған», – деді вице-спикер.  Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов депутаттарды Нұркент қаласының болашағына қатысты бас жоспармен таныстырып, жергілікті бюджеттен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы бөлінгенін айтты. Бүгінде жоспардың бірінші кезегіне сәйкес, 14 гектар аумақта 5 қабатты үй және инфрақұрылым нысандарын салу көзделіпті.   –Облыс әкімдігі «ҚТЖ» ҰК»АҚ-мен бірлесе сумен және жылумен жабдықтау, су бұру және жарық беру, сондай-ақ, жол салуға қатысты ТЭН жасады. Инфрақұрылымдар салуға қатысты бюджеттік мәлімдеме жасадық. Келесі жылы бірінші кезекті салуды бастаймыз», – деді облыс басшысы. – Осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан 60 пәтерлік 2 үй, сондай-ақ, ҚТЖ тұрғызып жатқан екі үлкен жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл нысандар Нұркентті дамытудың бас жоспарына кіреді. Көшпелі мәжіліс қорытындысын Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитет төрағасы Нұртай Сабильянов жасады. Ол Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық негізін дамытуға күшті серпін беріп отырғанын, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол аталған комитет депутаттары , «Нұрлы жол»  бағдарламасын табысты жүзеге асыруға қатысты мәселелерді шешу үшін заңдық қамтамасыз етуге және Үкіметке ұсыныстар дайындауға көмектесуге дайын екендерін жеткізді.

Ирина БЕКТИЯРОВА, Алматы –Алтынкөл –Алматы

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді