Қариялы ел - қазыналы ел

Жаңалықтар
11.10.2016, 15:43
Әдеттегідей төл мерекелері қарсаңында Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі мен Теміржолшылар кәсіподағы Батыс аймақтық филиалы бірлесе отырып, алпыстан астам сала ардагеріне дастархан жайып, қарттар күнімен құттықтады. 

Шараға Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов бастаған теміржолшылар қатысып, қарттарға құрмет көрсетті. Ұлттық компания жанындағы консультативтік кеңестің мүшелері Марс Ким мен Павел Синица жас әріптестеріне замандастарына алғыс білдіріп, қазіргі темір жол саласындағы жетістіктер сөз етті. –Соңғы жылдары ұлттық компанияда бірнеше жоба қолға алынды. Олар ел экономикасы үшін, болат жол саласы үшін маңызы үлкен жобалар. Зауыттар салынып жатыр, орталықтар бой көтеруде. Отандық тепловоздар мен вагондар жолға шығып, халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бізге мақтаныш емес пе?! - дейді Марс Ким. Бағдарламада мерекелік концерт қарастырылған, сондай-ақ ардагерлерге сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар, кәсіподақ комитеті мен кадрлар бөлімінің жетекшілері жасы тоқсаннан асқан қариялардың үйлерін жағалап, гүл шоқтары мен сыйлық салынған пакеттерін таратып шықты. Алпыс жыл разъезд бастығы болған Әуезхан Боранбаев пен қиын кездерде тылда еңбек еткен Дәметкен Әлмұратовалар осынау күнде өздерін ұмытпай іздеп барып, құрмет көрсеткен кейінгі буын ізбасарларына ақ баталарын беріп, сала жұмысына сәттіліктер тіледі.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді