«Менің әкем – машинист»

Жаңалықтар
24.05.2016, 17:08
Машинист жылы аясында «Локомотив» АҚ жариялаған «Менің әкем – машинист» тақырыбындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі локомотив пайдалану деполарында еңбек етіп жатқан машинистердің балалары жолдаған хаттарды  қорытындылап,  үзінділер ұсынбақпыз. «Менің әкем Шегебаев Жұмабай, Қызылорда локомотив пайдалану депосына қарасты Шиелі айналым депосында 1988 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Әкешім өз ортасында беделді, абыройлы жан. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, оның жұмысы қиын, күндіз-түні жол үстінде жүреді. Мен әкемді әрқашанда мақтан етемін», – деп жазады 13 жасар Ұлболсын Жұмабайқызы. Ал Шиелі станциясында тұратын 9 жасар Медет Азаматұлы: «Менің атам – Шерімбетов Серік Қызылорда локомотив пайдалану депосында машинист-нұсқаушы, әжем сол депода зертханашы, ал әкем тепловоз машинисі. Мен атамның баласымын, атам тепловоз машинисі болып көп жыл жұмыс істеген. Атам «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған. Мен де өскенде машинист боламын...» деп сыр шертеді. Ал ағасының әңгімесін «әкесінің баласы», 7 жасар Рамазан Азаматұлы да жалғастырып: «Менің өскенде әкем Шерімбетов Азамат секілді тепловоз машинисі болатыныма сенемін» депті. Біз ағайынды Медет пен Рамазанның атасы мен әкесінің ізін жалғастырып, майталман машинист боламын деген армандарының орындалуына тілектеспіз. Бұл байқауға Сыр өңірі машинистерінің балалары белсенді қатысып отырғанын айта келіп, қызылордалық тепловоз машинисі Рахат Шербатшаевтің қызы, 12 жастағы Алида Абдрашиттің хатына тоқталайық.«Әкемнің күн-түн демей жұмысқа кетіп бара жатқанына біз әбден үйреніп алғанбыз. Ол жұмыстан шаршап келгенде шуламауға тырысамыз. Үйдегі кішкентай інім де өскенде машинист боламын деп армандайды. Әкемнің киген формасына, пойызды жүргізгеніне қатты қызығады» дейді ол. Ал Еркебұлан есімді 10 жастағы өрен әкесі Дархан Айқожаев болашақта машинист болатынына сенімді. «Біздің отбасымыз теміржолшылар әулетінен. Атам Айқожаев Тілеуберген әкем жұмыс істейтін депода нұсқаушы машинист, ол өз қызметін адал атқарғаны үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Құрметті теміржолшы» төс белгілерімен марапатталған. Үлкен атам Тұрсын Айқожаев та жарты ғасыр ғұмырын темір жолға арнаған, Құрметті теміржолшы болған.  Әулетіміздің темір жолдағы еңбек өтілі – 200 жыл» деп жазады Еркебұлан Тілеуберген. Сексеуіл станциясынан хат жолдаған  кішкентай Назым: «Әкем Бұхарбаев Қанат машинист. Әкемнің жұмысы өте ауыр, соған қарамастан жұмыстан шаршап келгенде бізді көріп, бар шаршағанын ұмытады. Біз әкеміз жұмысқа кетіп бара жатқанда «Әке, жолың болсын!» деп шығарып саламыз...» деп жазады. Ал Наурызтай Болатова әкесі туралы былай дейді: «Менің әкем Анапянов Ардақ кішкентай кезінен бастап машинист болуды армандаған. Өзінің арманына жетіп, Аягөз локомотив депосында 30 жыл жұмыс істеп келеді. Біз әкемізді мақтан тұтамыз». Ал 8 сынып оқушысы Мөлдір Уатханова машинист мамандығы аса жоғары төзімділік пен еңбекқорлықты талап ететінін және осы қасиетті Аягөз локомотив пайдалану депосында машинист болып жұмыс істейтін әкесі Қанат Советқалиұлының бойынан көретінін шығармасына арқау еткен.  «Әкем Ауғанстан майданының жауынгері» – дейді сөз соңында. Ал Серікқанов Айбек есімді балақайдың әкесі Бақтыбек Телжанов Ақтоғай локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі екен. «Әкем жолаушылар пойызын жүргізеді. Жолға шықпас бұрын қасындағы көмекшісі екеуі тепловозды тексереді. Іссапардан келгеннен кейін тепловозды жуып өткізеді...» деп әкесінің жұмысынан сыр шерткен Айбек өскенде өзінің де әкесіне ұқсап, машинист болатынына сенімді. Ал Атырау техникалық гимназиясының оқушысы Айгүл Орынбасарова әкесі Қамат Гурьев темір жол техникумын бітірген 1995 жылдан бері  Атырау локомотив пайдалану депосына машинист болып абыройлы еңбек етіп келе жатқанын айтады. «Еңбектегі жетістіктерінен бөлек футболды өте жақсы көреді және жақсы ойыншы...» деп әкесін мақтанышпен сипаттайды.

Дайындаған Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды