«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы ұйымдастырған «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында Жамбыл бөлімшенің бастауыш партия ұйымы жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 62 ұйым қатысқан байқауда, үздік шыққан темір жолдың бастауыш ұйымы  «500-ден жоғары партия мүшесі бар» санатында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.– Біздің теміржолшылар қаланың да қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Әсіресе, партия тарапынан басшылыққа алынған түрлі жобалар мен қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына ұйытқы болуда. Сондықтан, жамбылдық теміржолшылардың бұл бағыттағы белсенділіктері әлі де жоғары бағаланады деген сенімдемін, – дейді «Нұр Отан» партиясы Жамбыл бөлімшесі бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Нуридин Қожанов.

Арсен Байзақ, Тараз