Ұлан ОРАЗ
Жыл соңына дейін ашылмақ
Оқуға 2 мин
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қашықтығы 470 шақырым болатын «Бейнеу-Ақтау» автожолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Оның 100 шақырымы республикалық бюджет есебінен, қалған 370 шақырым жол Азия Даму Банкінің қаржыландыруымен салынуда, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҚБ баспасөз қызметі.
Жобаны жүзеге асыруда Азия даму банкінің қарыз қаржысы есебінен 2 телімде жұмыс жүргізілді. Бірінші телім «Шетпе – №10 бекет» бойынша 200 шақырым және «Сайөтес – Манашы» телімі бойынша 2014 жылдың соңында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған болатын.«Ақтау – Шетпе» екінші телімі бойынша қашықтығы 170 шақырым болатын жолды қайта жаңғырту жұмыстарын «ДженгизИншат» (Туркия) мердігер ұйымы 2015 жылы бастаған еді. Бұл жұмысты Австралияның «СМЕК Интернэшнл» компаниясы «Сапа СЗ» ЖШС қауымдастығымен бірге бақылауда. Автожол құрылысын 2017 жылы толық аяқтау жоспарланған. Бүгінде 145 шақырымға асфальт-бетон жамылғысының төменгі қабаты төселіп, 2 көпір мен 3 жол өтпесінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Биыл «Ақтау-Бейнеу» телімінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр.Құрылыс жұмыстарына 2400 жұмысшы тартылған, оның 59-ы шетелдік мамандар.Құрылыс материалдарының 85%-ы Қазақстанда шығарылған.
Атап айтқанда, битумды - «Каспий Битум» ЖШС (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспий Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.Республикалық маңызы бар А-33 «Атырау–Ақтау» автокөлік жолы ОААЭЫ (Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) дәлізінің ірі бөлігі және Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады.