Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Үздік идея иелері марапатталды
Оқуға 1 мин
«ҚТЖ» АҚ филиалы Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде өткен жыл мен 2016 жылдың алғашқы тоқсанында Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығына теміржолшылар тарапынан келіп түскен өнертапқыштық ұсыныстардың қорытындысы сарапталды.
ҒТАжТ орталығы бөлім басшысының орынбасары Жанат Байқожақызы,теміржол мекемелерінің басшылары мен аймақ теміржолшылары қатысқан жиында «ҚТЖ» АҚ-ның теміржолшылардың жаңашылдық бастамаларына көрсетілетін қолдау шаралары жайлы баяндап берді. Өткен жылы ҒТАжТ орталығына түскен1412 өнертапқыштық идеялар ішінде Қызылорда жол бөлімшесінен 61ұсыныс, ал үстіміздегі жылы 41ұсыныс түскені белгілі болды.
–Жалпы Қызылорда өңірі теміржолшылары компания бойынша жаңашылдық идеяларымен алдыңғы орынға шықпаса да биылғы түскен 597 ұсыныстардың 28-і осы аймақтан жөнелтілген екен. Бұл көрсеткіш компания қоржынына түсіп өндіріске енгізілген рационализаторлық ұсыныстың 4,6 пайызын құрап отыр. Алдағы күндерде Қызылорда өңірінен жаңашылдық ұсыныстардың саны бұдан да арта түсетініне сенемін,-деді астаналық өкіл.
Жиын барысында Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясының диагностикалық блок инженері Досбол Әбдікәрімов пен Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы инженері Мейрамбек Сатымға«Үздік рационализатор» төсбелгісі мен дипломы табысталып,Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы мен Қазалы сигнализация және байланыс мекемесікәсіподақ ұйымыныңатынан қаржылай сыйлығы берілді.