Мұстафиндер ұстанымы
Жаңалықтар
14.10.2016, 17:14

Теміржолшы – бабадан балаға мирас болып қалатын отбасылық мамандық. Бұл орайда солтүстік Түрксібтің отаны саналатын Семей жол бөлімшесінде әулетімен шойын жол саласында қызмет ететін жанұялар көп әрі ол жайт бүгінде ешкімге таңсық емес.
Алайда солардың арасында бүкіл отбасы мүшелерімен желі бойындағы бір ғана сала – станцияда ғана қызмет ететін отбасылар да бар екен. Солардың бірі – Мұстафиндер әулеті. Дегелең-Семей телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясында бір ғана жанұяның мүшелері еңбек етеді. Станция бастығы - отағасы Рысқали Мұстафинов қасына өз балаларын алып, еңбекке баулыпты. Бүгінде станция кезекшілері болып еңбек ететін екі ұлы кәнігі теміржолшылар. Рысқалы Тілеужанұлы бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі мол жан. Ал аталмыш станция ашылғалы бері, аттай 15 жыл бойы еш үзіліссіз еңбек етіп келеді. -Әке-шешем де желі бойындағы станцияларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан жандар еді. Станцияға әкемнің ұсынысымен келген едім. Енді міне, қазіргі күні өз ұлдарымның да станцияда жұмыс істеулерін қалап, қасыма алдым. Олардың қатарына күйеубалам да қосылды. Отбасымызбен жұмыла еңбек етеміз. Бір әулеттің адамдары болғасын жанашырлық пен жауапкершілк жоғары әрі тең дәрежеде болуы заңдылық секілді. Сондықтан, істің көзін таппай, ертеңгі күні опык жемеуі үшін балаларымды өзім баулып, кәсіби тұрғыдан жетілулеріне барынша тырыстым, - дейді отағасы. Станция бастығы бұл ата дәстүрдің ендігі аралықта немерелеріне де берілгенін қалайтынын жасырмайды. Сол себепті де, өз немерелерінің станцияға бауыр басқанын қалап, балалардың ойын алаңқайын әзірлепті. Соған сай, мектеп жасындағы немерелері каникулда станцияға келіп, уақыттарын осынау жазық даладағы шағын станцияда өткізеді екен. Шағын болғанымен 5-ші класты станцияға жататын Известковыйдың жүгі ауыр. Тәулігіне 12 жұп жүк пойызы өтеді. Міне, қоңыр күздің де екінші айы орталап қалды. Іргедегі Қаражыра кенішінен көмір тиеп алып ағылған ұзын-сонар жылжымалы құрамдар ел Шығысын бетке алып, асығып барады. Ал осы қара алтын тасқынын қабылдап алып, қауіпсіздігін қадағалап жөнелтіп отырған Мұстафиновтар отбасының мүшелерінің басты ұстанымы – ата кәсіпке адалдық.Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды