Борандының қысы қатал
Жаңалықтар
18.10.2016, 13:02
Облыс орталығының іргесіндегі ірі транзиттік төртінші санатты Бурное деп аталатын станция ел ішінде Боранды аталады. Айтса айтқандай, табиғаты жаймашуақ оңтүстіктегі қысы қатал, қар қалың түсетін, апталап боран соғатын аймақ.
Станция тізгіні соңғы бес жылда 2013 жылы «Үздік станция бастығы» аталымымен марапатталғантәжірибелі маман Махмуд Сәрсенбаевтың қолында. 98 адам еңбек ететін бекет негізгі жолдың бойында жатқандықтан жолаушылар және жүк пойыздары көп өтеді.
– Тәулігіне 20 жолаушылар пойызы өтеді. Ал жүк пойыздары әрқалай. Яғни, тәулігіне кейде 18 пар, кейде 23 пар өтеді. Жолаушылар пойызының барлығы дерлік тоқтайды, өйткені, мұнда билет кассасы жұмыс істейді. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігін реттеуде жұмыс жетерлік. Станцияда бес жол бар. Оның бірінші жолына жолаушылар пойызы тоқтайды. Жолаушылар пойызының тоқтап тұру уақыты үш-бес минут. Станция аумағында жолаушылар үшін аспалы көпір бар. Оның үсті жабылмаған. Өйткені, ол жерден жоғары қуатты электр көзі өтіп тұр. Бүгінде қысқа дайындық толық аяқталды. Енді, көмір тасымалы басталды және шаруашылықтарға жем-шөп келіп жатыр. Жергілікті жүктен, Жуалының байлығы картоп тиейміз. Осындағы әскери бөлімде жиі оқу-жаттығу шаралары өтіп, әскери техникалар да осы станция басында тиеліп-түсіріліп жатады. Жұмысшылар арнайы киімдермен толық қамтамасыз етіліп отыр. Оны өз басым қатаң қадағалап отырмын, – дейді станция бастығы.
Жуалының қысы қатал. Әсіресе қыс ортасында бұл аймақта қалың қар мен ақтүтек бораннан автокөлік жолдары жабылып, теміржолға деген сұраныс артады. Тіпті, жергілікті әкімдік қызметкерлері жолда қалған жолаушыларды осында алып келіп, пойыздарға салатын жағдайлар жиі орын алады. Жолда қалған жолаушыларды қабылдап, шығарып салуға бурныйлықтар үйреніп қалған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жуалы ауданының орталығында Б.Момышұлының 100 жылдығы өткенде станция басы мен вокзал жөндеуден өткен, бүгінде сол қалпын сақтауда және абаттандыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде екен.
Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған аудан болғандықтан, бізде де басты проблема сол – тұрғындардың төрт түлігі. Станция ауылдың қақ ортасында жатқандықтан мал-жанның темір жолға кедергі келтіруі, бүкіл теміржолшылар қанша күрессек те тиылмай отыр. Дегенмен, жергілікті әкімдікпен бірлесе ұдайы жұмыстар жүргізіп, жаңадан шаралар қабылдап, халықты белгіленген жерлерден өтуге, жолға жақын мал жаймауға бірте-бірте дағдыландырып келе жатқан секілдіміз, – деген станция бастығының мәліметінше, биылғы жылды бурныйлықтар жақсы көрсеткішпен қорытындылайды деп болжам жасауға әбден болады.
Ерман Әбдиев, Бурное
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл