Үндеу жариялады
Жаңалықтар
18.10.2016, 15:55
Ақмола көлік прокуратурасы ҚР-ның «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабын басшылыққа ала отырып, темір жол маңында орналасқан қала тұрғындарына қатысты үндеу жариялап отыр.
Онда темір жол саласында заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды болдырмау баршамыздың парызымыз екені айтылып, осыған орай, көлік прокуратурасы темiр жол көлiгiнің қажеттілігіне арналған жерлерде заңдылықты сақтауға, заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауға және темір жол қауіпсіздігі саласындағы қағидаларды бұзбауға шақырып отыр.
Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 20 бабы 2 бөлігіне сәйкес темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануға шектеу қойылған жағдайлар Заңның 21 бабында көрсетілген. Яғни, темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында, темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге; көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі №284-І бұйрығымен бекітілген «Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Бұйрығының 7 тармақшасына сәйкес, сусымалы құм аудандарындағы темір жол көлігінің қорғалатын аймақтар, бөлінген жер алқабын қоса алғанда, темір жол осінің әр жағынан 500 метрден кем емес арақашықтықта белгіленеді. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершілікте болады. (Заңның 21 бабы 2 бөлімі). Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559 бабына сәйкес, темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзғандығы үшін бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен 20 айлық есептiк көрсеткiшке дейін айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 201-бабына сәйкес, жерге заттай құқықтарды бұзу, яғни бөтен жер учаскесiн заңсыз басып алуға бағытталған қылмыстар үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген, – дейді Ақмола көлік прокуроры, әділет кеңесшісі Қ.Раманқұл.
Ислам ТАЛҒАТ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл