Күзгі байқау нәтижелері

Жаңалықтар
21.10.2016, 15:43
Биыл Жамбыл өңірінде күзгі комиссиялық байқау кеші өтті. Оның өзіндік себептері де болды. Жамбыл жол бөлімшесінде күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша өткен техникалық кеңесте бірқатар жайттардың беті ашылды. Биылғы жылы күзгі байқау қыркүйек айының 12-сі мен қазан айының 12-сі аралығын қамтыды. Комиссиялық байқау қорытындысы бойынша алғаш болып бас инженер Асылхан Тайлақбаев хабарлама жасады. Бас инженер бүгінгі күні мекемелерде уақытылы келген телехабарламаларға дер кезінде назар аударылмайтындығын баса айтты. Сондай-ақ ол станциялардағы ақуалдарға кеңінен тоқталды. – Кей станцияларда жаяу жүргіншілердің өткелдерінен азаматтардың өту тәртібі, станция басына мал жайылу деректері әлі де орын алып отыр. Ал бұл мақсатта алдын алу шаралары жыл басынан қолға алынған болатын. Айлықтар да өтіп тұрады. Әсіресе, мал басу оқиғалары жиі орын алып келеді. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша станция басшылары техникалық оқуларды өткізуде бірізділік сақтамайды. Сондай-ақ станциялардағы қысқы маусымға дайындық және жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жайы да көңілге қона бермейді. Әрине, жекелеген станциялар бойынша, – деді Асылхан Тайлақбаев. Бұдан кейін сөз алған Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде күзгі комиссиялық байқау кезінде барлығы 868 ескерту және 22 тоқтату шаралары болғандығын алға тартты. Атап айтқанда жол шаруашылығында 468 ескерту, 22 тоқтату шаралары. Байланыс және сигнал беру шаруашылығында 196 ескерту және электрмен жабдықтау шаруашылығында 204 ескерту болыпты. Бұл олқылықтар бойынша 60 теміржолшы тәртіпті жазаға тартылған. Оның 8-не қатаң сөгіс, 36-на сөгіс, 16-на ескерту беріліпті. Сондай-ақ Жамбыл телімі бойынша аймақтық бас ревизор Мейрамбек Серікбаев өзінің алдында хабарлама жасаған бас инженер мен магистральді желі бөлімшесі директорының хабраламаларымен толық келісетіндігін айтып: «Қосымша ретінде қозғалыс шаруашылығы бойынша ескертулерді айта келе, станция бас инеженерлерінің жұмысын ширату керек деп ойлаймын. Ал вагон шаруашылығы бойынша әлі күнге дейін қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі сезінеді. Жол шаруашылығы бойынша телімдерде көпірлердің тазаланбауы алдағы қыс мезгілінде қиындықтар туғызатындығын ескеру керек. Одан кейін көктем дегендей. Бұл қысқа дайындықтың баяу екендігін байқатады. Сондай-ақ көптеген шаруашылықтар бойынша мамандардың біліктілігін арттыру шаралары кенжелеп қалған» деген ескерту айтты. Кеңесті қорытындылаған Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің  директоры Берік Сағымбекұлы жоғарыда көрсетілген ескертулер бойынша жұмысты ширату қажеттелігін алға тартып, күзгі комиссиялық байқау барысында науқанға аса үлкен дайындықпен келген мекемелер мен теміржолшыларды атады. Олардың қатарында Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Түлкібас жол дистанциясы, Бурыл станциясы, Ірілендірілген Сары-Шаған жол дистанциясы, Қорағаты станциясы, Жамбыл байланыс және белгі беру дистанциясы, Шөлдала станциясы, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы, Маймақ станциясы, Шу машиналандырылған жол дистанциясы аталды.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл