Жол күтімі cенімді қолда
Жаңалықтар
21.10.2016, 15:58
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы – Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы темір жол күтіміне жауапты. Жеті жүзден астам жолшылар ұжымынтәжірибелі теміржолшы Дүйсенбай Әбдиев көп жылдан бері басқарып келеді.
Дистанцияның техникалық бөлім бастығы Кенже Қойшыбаева жолшылардың жыл басынан бергі атқарған жұмысы, жалпы жол күтімі жайлы мәліметтер ұсынып, қыркүйек айындағы жоспарлы көрсеткіші 45 бірліктен 37 бірлікке жетіп, межелі жоспар 118 пайызға орындалғанын айтты.
Жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға жолшылары барыншакүш салуда. Өткен жылы дистанцияға қарасты телімдерде тепловоз машинистері 107 рет шұғыл тежегіш қолданса, бұл көрсеткіш биыл 87 мәрте қайталанып отыр. Жолға иесіз малдың шығып кетпеуі үшін бұрын әр қада арасы бес метрден болса, қазір қоршаулардың мықтылығын арттыру үшін біздер екі-екі жарым метрден орнатудамыз. Және де қоршау сымына қосымша тікенекті сымды қосымша жүргізудеміздегенмен малдың жолға шығып кетуі азаяр емес, – дедітехникалық бөлім бастығы.
Бөлім бастығының ұсынған мәліметтерінекөз жүгіртсек, қыркүйек айында және тоғыз ай ішінде жұмыс барысындағы ақау тудырған оқиға орын алмаған. Алайда тоғыз айда 2 мәрте жұмыс барысында қиындық туындаған. Оның бірі наурыз айында Белкөл – Бірқазан телімінің 2840 шақырымында тепловоз машинисінің жолдың «шайқауын» байқауы болса, екінші жағдай наурыздың жиырма жетісінде Ақмая – Екпінді телімінің 2964 шақырымында жолаушы пойызы машинисінің қараусыз малды басып кетіп, жедел тежегіш қолдануы жұмыс барысындағы қиындық болып тіркеліпті. Және де жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін бұзылуының өзге де оқиғалары 4 рет тіркелген.
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанция ұжымы биыл жол жөндеу жұмыстарын өткізбегенмен телімдерді ағымдық жол күтімі тұрақты жүргізілуде екен. Және де жолшылар 2 жинақ жол бұрмаларын ауыстырып, 9 жинақ жаңа жол бұрмаларының брустарын ауыстырған. Ағымдық жол күтімі барысында 128 шақырым жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын, 40 жинақ бағыттамалы бұрмаларды алдын ала жөндеген, 4,1 мың дана оқшаулы түйіспелерді іріктеген, 9,1 мың дана рельстік жалғағыштар дәнекерленген екен. Сонымен қатар 4,5 мың дана қосалқы рельстік жалғағыштар орнатылып, 33 дана айқаспаларды балқытып жапсырған, жол бойының 60 шақырымдық қоршауы жөнделіп, жаңадан 15 шқ сым қоршау жасалған екен.Сондай-ақ, 6,56 мың дана жаңа шпалдар төсеп, 0,796 мың дана ескірген жарамды темір-бетон шпалдарды салып, 48,924 мың текше метр қиыршық тасты жолды ағымдық күтіп ұстау кезінде төсеген екен.
Дистанция телімдеріндегі жолдың техталапқа сай болуын бақылап-тексеру күнделікті шаруа. Бұл жұмыстарға негізінен ақаутапқыш арбашалар жегіледі. Олардың дистанцияда 28 данасы бар, оның екеуі жолды екінші қайтара тексеруге арналған. Қыркүйек айында жоспарға сәйкес 2360 км негізгі, 135 км қабылдап-жөнелту жолдары және 1002 жинақ жол бұрмалары және 3300 пісірілген түйіспелер тексерілсе, тоғыз айда 21329 км негізгі жол, 1374 кмқабылдап-жөнелту жолдары, 9860 жинақ жол бұрмалары және 16696 пісірілген түйіспелер тексеруден өткізіліпті. Есепті мерзімде ақаулы рельстер анықталмаған.
Бүгінгі таңда күзгі байқау барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл