Шалғай станциялардағы ойын алаңдары

Жаңалықтар
25.05.2016, 10:49
  «ҚТЖ» ҰК» АҚ саясатының басым бағыттарының бірі – шалғай станцияларда тұратын теміржолшылардың әлеуметтік ахуалын жақсарту екендігі белгілі. Осынау игілік жолында Семей жол бөлімшесі бойынша ілкімді істер жүзеге асуда. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың жетекшілігімен желі бойындағы шағын станциялар мен жол айрықтарында бұрын-соңды болмаған жаңалықтар пайда болды. Соның бірі – балалар ойын алаңы. Былтырғы өткен жүз жылдық шеңберінде бөлімше басшысы желі бойындағы барлық станциялармен жол айрықтарында балақайларға арнап алаңқайлар салу, байырғы алаңдарды  жаңадан жабдықтау туралы соны бастама көтерген болатын. Бұл игілікті шаралардың жүзеге асуына станция басшылары мен  кәсіподақ комитеттері, ПЧ-40 пен ПЧ-39 басшылығы да мұрындық болды. Нақтырақ айтсақ, Жаңа-Семей –Дегелең бағыты бойынша Талды, Жалпақ станцияларында, Жаңа-Семей – Жарма телімі аралығындағы бірқатар станциялар мен жол айрықтарында балалар алаңқайы салынды. Аягөздік жолшылардың күшімен Таңсық, 30-шы разъезд, Қарақойтас станцияларында ойын алаңқайлары бой көтерді. Алдағы жазда Жүзағаш, Ақболат, Еңірекей сынды тағы бірқатар шалғайда орналасқан шағын станцияларда да ойын алаңдары ашылмақ. Жуырда Суықбұлақ станциясында тұратын теміржолшылар балалары үшін ойын алаңқайы пайдалануға беріліп, бұл жазға каникулға шыққан  бүлдіршіндер үшін тамаша сыйлық болды.  Бұл игілікті шараға теміржолшы қауымы дән риза.  Мәселен, Суықбұлақ станциясының тауар кассирі Ләйла Әшімбекова Айсұлтан мен Хансұлтан есімді егіз немерелерін осында әкеледі екен. Балаларымызды іздесек, осы арадан табатын болдық. Бұрындары балалар үшін ермек етер ештеңе жоқ болатын. Осындай, қаладан бір де кем емес ойын алаңқайы үшін  бөлімше басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді суықбұлақтықтар. Шөптіқақ станциясындағы теміржолшылардың балалары да дәл осындай мәре-сәре қуанышқа бөленді. Шағын бекетте 23 балақай бар екен. Жаңадан орнатылған ойын алаңқайынан шықпайтын бүлдіршіндердің басым бөлігі мектеп жасына толмағандар. Аналарының да қолы ұзарыпты. Желі бойын жұмыс сапарымен аралаған Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Кәрімұлы аталмыш станциялардағы ойын алаңқайларын арнайы көріп,  атқарылған істі қадағалап шықты. Ойын алаңқайлары түрлі-түсті боялып-сырланып,  әткеншектер мен сырғанақтар орнатылған. Мектеп жасындағы оқушылар үшін аспалы темір турниктер бар. – Ұлттық компания қай кезде де теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына ерекше көңіл аударған. Желі бойындағы шағын станцияларда балалрдың ойын алаңқайларын салуды былтыр бастағанбыз, бірқатарын жаңаладық. Алдағы уақытта тағы бірнеше станцияда салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Марлен Кәрімұлы шағын бекеттердің кішкентай тұрғындары үшін жасалып жатқан игілікті істерге тоқталып.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
28.07.2026
Екібастұздан Ұлыбританияға: ҚТЖ қазақстандық тыңайтқыштарға жаңа экспорттық маршрут ашты
Жаңалықтар
28.07.2026
ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы түрде жаңартуда
Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті