Бекбол Құлдан, Ақтөбе
Жасанды қондырғылар тексерілді
Оқуға 1 мин
Ақтөбе жол дистанциясына қарасты барлық жасанды қондырғы тексерілді. Тексеру барысында анықталған ақаулардың басым бөлігі бүгінде қалпына келтірілді.
Бүгінде жол дистанциясының қарамағында 136 бірлік жасанды қондырғы бар болса, оның жүзден астамы көпірлер екен. Көпірлердің өзі темір-бетон, металл көпірлер, аралас және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, сосын тұрбалар болып бөлінеді.
Арнайы мамандар, біраз ақауды анықтап, ескертулер жасады. Қазіргі таңда олардың бірінші, екінші және үшінші категориялар бойынша олқылықтардың 90 пайыздан астамы қалпына келтірілді. Ал, бірқатар арнайы материал түрлері жеткізілген соң, өзге олқылықтар да ретке келтірілетін болады.