Нұрбек БЕКЕН
Бағдарлама жалғасын табуда
Оқуға 1 мин
Теміржолшыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы жалғасуда.
Магистральдық желі дирекциясы алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, қызметтер сатып алынып, «Теміржолсу» АҚ-мен Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Бозшакөл станциясы мен Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ауыл станциясында су тартқылар салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасауға келісімшарт жасалған. Сонымен қатар жаңа темір жол бойындағы тұтынушыларға шеттен әкеліп, сумен жабдықтайтын 8 вагон-цистерна сатып алу бойынша жұмыс процедуралары жүзеге асырылмақ. 2012 жылы басталған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы 2018 жылға дейін жалғасады. Нәтижесінде 474 темір жол станциясы мен разъездерінде орналасқан 801 сумен жабдықтау және кәріз жүйесі нысандары қалыпқа келтіріліп, 31 бірлік жаңа вагон-цистерна сатып алынбақ.