Қауіпсіздік талабы қатал
Жаңалықтар
25.10.2016, 16:23
Зылқия Батышева Астана ірілендірілген жол дистанциясында жетекші еңбек қорғау инженері болып еңбек етеді. Целиноград теміржол техникумын жол және жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған маманның салада еңбек етіп келе жатқанына 30 жылдан асты.
Атбасарда теміржолшылар отбасында өскен Зылқия тәртіп пен тұрақтылық бар салада қызмет ету қашан да табысқа жетелейтінін қырық жыл теміржолшы болған сол ата-анасынан алған тәлімі деп біледі. Өз ісінің маңыздылығы мен жауапкершілігін жоғары бағалайды. Үздіксіз қозғалысқа толы саланың қауіпсіздігін сақтауда жұмысшы еңбегінің маңызы зор болса, сол еңбек күшінің қауіпсіздігінде еңбек қорғау инженері қызметінің де үлесі бар.
Біздің дистанцияға өзіңіз білесіз, Бурабайдан бастап үлкен аумақтар кіреді. Үш бағыт бар: Астана – Ерейментау, Астана – Жайнақ және Төңкеріс – Шортанды бағыттары. 7 телім, 3 колоннамыз және цехтарымыз бар. Соның барлығында өндірістік қауіпсіздікті сақтау жұмыстарын атқарамыз, – дейді еңбек қорғау маманы.
Қашан да қауіпті аймақ саналатын теміржолдан өту жолдарына рейдтер ұйымдастырып, барлық тексеру жұмыстарына қатысу, техникалық сабақтарды өткізуге араласу, тағы да басқа қыруар шаруаны атқарып, оны қағаз жүзінде тіркеп отыру үшін инженер маманына әдеттегі жұмыс күндерінің жеткіліксіз болатыны да рас. Дегенмен тек салада мықты тәжірибе жинақтаған кәсіби мамандар ғана мұндай жұмыс көшін еш кідіріссіз алға бастыра алады.
Техникумнан соң еңбек жолын 1981 жылы жолшы болып бастағаннан бері қарай, техник, жол инженері, инженер-технолог, кадр бөлімінің инспекторы, кадр жөніндегі маман жұмыстарын атқарды. Көлік құрылысы мамандығы бойынша сырттай оқып жоғары білім алған Зылқия Секенқызы білім мен біліктілік арттырудың ешқашан артық болмайтынын айтады.
Райхан Рахметова
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл