АЛМАТЫ – ШУ: екінші жолмен алғашқы пойыз өтті...
Жаңалықтар
28.10.2016, 11:26
Алматы-1 – Шу темір жол желісінде екінші жол салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған телімдер кезең-кезеңімен пайдалануға беріле бастады. 26 қазанда технологиялық «толаскез» кезінде құрылысшылар жалпы ұзындығы 10 км болатын №20 және №21 телімдерінде іске қосу, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су жаңа телім бойымен алғашқы пойыз жүріп өтті...
Бұл – Жыңғылды – Құрқұдық және Құрқұдық – Шамалған аралығындағы желі. Енді ол толыққанды қос жолды телімге айналды. Салынған темір жол желісімен алғашқы болып №42-ші Атырау – Алматы жолаушылар пойызы жүргізілді. Оның артынан басқа да жолаушы және жүк пойыздары жаңа желі бойымен зулай бастады...
Бұл тарихи күні, яғни, 26 қазанда 2008 блок-қосынына жұмысшылар мен мамандар көп жиналды, алып темір жол құрылыс техникалары әкелінді. 9 сағат 15 минутта құрылысшылар өз істеріне кірісіп, 8 сағаттық ұзақ технологиялық «толаскез» ашылды. Осы үзілісте олар жанданған магистральде көп нәрсені үлгеріп істеп қалуға тиіс болды. Атап айтқанда, бірінші кезекте тақ жолдағы ендігі керек болмай қалған бағыттама бұрмаларын тазалау жұмысын DESEC атты алып техника еңсеріп тастады, аз ғана минуттардың ішінде барлық бағыттамаларды «жылы орнынан» жұлып алып, оларды әрі қарай тасып алып кету үшін бөлек орынға қойып шықты. Бағыттама бұрмаларын бөлшектеу жұмыстары бар болғаны 30 минутта аяқталды. Одан әрі әдеттегі сызба бойынша: бульдозермен жерді ою, жер төсемдерін грейдермен дайындау, рельс шпал торын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сол жерде-ақ хоппер-мөлшерлеуіш те жол төсемдеріне қиыршық тас төсеп үлгерді. Бұдан кейін Duomatic жолды түзеу және нығыздау жұмыстарын атқарып, жолды біржолата жобада белгіленгендей өз орнына қойды. Ең соңында жол шаблонмен тексеріліп, жоспарланған мерзімнен біршама ертерек, тура 11 сағат 15 минутта темір жол желісінің тақ бойымен қозғалысты ашуға бұйрық берілді. Жаңа жолмен жолаушылар және жүк пойыздар жүріп өтпес бұрын жолдың беріктігі мен сенімділігі 3 локомотивті жүргізу арқылы тағы да тексерілді.
Осыдан кейін барып №42 Атырау – Алматы пойызының жаңа ғана төселген теліммен жүріп өтті. Осынау тарихи сәтті бастан кешірген құрылысшылар мәз-майрам, терезеден өздеріне таңырқай қарап бара жатқан пойыз жолаушыларына қол бұлғап, қуаныштарымен бөлісуде...
Алайда жұмыс мұнымен тоқтаған жоқ. Енді жаңа жолдағы энергетика, белгі беру жүйесі, орталықтандыру және (СОБ) блокировкалаумен байланысты жұмыстарды аяқтау керек болатын. Сағат 17-лерге жуық жоспарланған жұмыс толық аяқталды. Ескі байланыс желісінің соңғы тіреулері бөлшектеніп, оның орнына жаңалары қойылды. Қоректендіретін тоқ сым дәнекерленіп, электр жарығы берілді. Желімен жол өлшегіш вагон жүргізілді. Тақ жолмен орташа балдық көрсеткіш 64 болды. Бұл «жақсы» деген толық бағаға ие болғандығын көрсетеді.
– Бұл Алматы-1 – Шу екінші жолдары нысанындағы бірінші жеңісіміз, – деді Алматы жүк тасымалы бөлімшесі магистральдық желі басшысы Асқар Кукузов қуанышын жасырмай. Оның айтуынша, Жыңғылдыдан Шамалғанға дейінгі жаңа жолда қазіргі таңда жылдамдық сағатына 40 км болса, ол біртіндеп жоғарылатылатын болады. Пайдалануға берілген алғашқы түннің ішінде жаңа телімнен 8 жүк пойызы жүріп өткен.
– «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан маңызды жобаны орындау міне, осылай мәреге жетуде. Жаңа ғана салынып біткен жолмен алғашқы жолаушылар және жүк пойыздары жүріп бастады. Ертең осы тарихи сәтке куә болғанымызды мақтан ететін боламыз, – деді көптің қуанышын бөліскен ардагер-теміржолшы Қалтай Сәмбетов.
– Құрылысшылар жобаны өз уақытында орындауға дайын. Жамбыл және Алматы жол бөлімшелері бойынша телімдерді іске қосуды аяқтау кестесі жасалды. Екінші жолдардың барлық 58 км осы жылы қараша айында-ақ пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Адам, техника, қажетті ресурстарымыз жеткілікті, – дейді ұлттық компанияның ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша дирекциясының Алматы-1 – Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысы бойынша басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов.
Бүгінгі таңда жаңа теліммен 24 жұп жолаушы пойызы мен 18 жұп жүк пойызы жүріп жатыр.
Ирина Бектиярова, Алматы-1 – Шу
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды