Құрық – екінші теңіз қақпасы
Жаңалықтар
28.10.2016, 11:33
Еліміздің батыс өңірінде салынып жатқан Құрық портындағы паромды кешенінің құрылысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының шеңберінде жүзеге асып жатқан жобалардың бірі. Каспий теңізі арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында салынынп жатқан нысан стратегиялық тұрғыдан аса маңызды болып табылады.
Тәулігіне 5 паромға қызмет көрсету мүмкіндігі бар паромдық кешеннің құрылуы нәтижесінде, жылына темір жол вагондарымен және автотрейлермен жеткізілетін 4 млн тонна көлеміндегі межеленген жүк ағынының, яғни мұнай өнімдері, химикаттар мен тыңайтқыштар, астықтың өңделуі қамтамасыз етілмек. Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы былтыр сәуір айында басталып, сол жылдың маусымында Боржақты – Ерсай теміржол желісі бойынша құрылыс жүктерін жеткізу үшін жұмыс қозғалысы ашылды.
Сонымен Құрық портындағы паромдық кешен құрылысы Маңғыстау облысында Құрық ауылынан 17 шақырым қашықтықта салынып жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жоба құны 31,7 млрд теңгені құрауда. Жобаның жүзеге асырылуы 2015-2017 жылдар аралығын қамтымақ. Жоба жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 7,6 млрд теңге игеріліпті.
«ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы – Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция мамандары алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, теңіз бен порт аумағына инженерлік-геофизикалық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілген. Мамандар қазіргі кезде жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үстінде екен. Порттың көрмелік жолдар аумағында жер жұмыстарының аяқталуы жақын, үйіндіге 4,4 млн тонна текше метр топырақ жеткізіліп, жоспар 96 пайызға орындалыпты.
– Ерсай станциясынан Құрық портына дейін кірме темір жол телімінде 12,26 км рельс-шпалды торкөздерін төсеу жұмыстары аяқталды. Кірме жолдың салынуы Батыс кедергілеу молына, яғни портқа кіретін жерде құрылыстар салуға кірпіш тасымалын жеделдетпек. Батыс кедергілеу молының құрылысына 187 мың м3, ал шығыс молына 5 мың м3 кірпіш жеткізілсе, Каспий теңізі жағалауын нығайту үшін 21 мың м3 астам кірпіш жеткізілді. Кемежай айдынында түпті тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Паром кешенінің ашпалы-өтпелі көпірлерін дайындауға тапсырыстар орналастырылып, көпір тіректерінің негіздерін жобалау жұмыстары орындалды, сондай-ақ, металлқұрылымы дайындалуда, – дейді аталған дирекциясының бас менеджері Әлкей Төлегенов.
Ал Индустрия және даму министрлігінің құзырындағы Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потловтың айтуынша, Каспий теңізінің жағалауында бой көтеріп жатқан «Құрық» портындағы паром кешені Қытайдан Батыс Еуропаға жол тартатын жүк керуендерін теңіз арқылы Әзірбайжанға, одан әрі Түркия арқылы басқа мемлекеттерге жеткізуге көмектесіп, еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттырмақ. Демек, «Құрық порты» Ақтау портына бәсекелес емес, жүк қабылдап, жөнелтуде серіктес болмақ.
– Құрық портындағы паромдық кешен Қытай мен Еуропа арасында жасалып жатқан жаңа транзиттік дәліздің маңызды орталығының бірі болады. Бұған дейін «Арқалық – Шұбаркөл» және «Бейнеу – Жезқазған» темір жол магистральдарын жүзеге асырдық. Енді «Құрық» станциясы іске қосылса және портқа таяу жерге салынатын зауыттар бой көтерсе, ел бюджетін молайта түсетіні анық. Бұған қоса, осы жерден су көліктерін жөндейтін және оған қажет қосалқы бөлшектер жасап шығаратын зауытта салынады деп межеленген. Бұл шара «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, тәуелсіздігіміздің де іргесін нығайта түседі. Сондай-ақ, бүгінде құрылыс жұмыстарында 500-ден астам адам жұмысқа тартылған болса, порт пайдалануға берілген соң 100-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, – дейді Көлік комитетінің өкілі.
Бүгніде порттың көрмелік паркін салу үшін жер төсемі дайындалып, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар, атап айтқанда, шпалдар, бекітпелер, ақтөбелік рельс зауытынан шыққан рельстерді дайындап қою жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар Құрық портының нысандарын қуат көзімен жабдықтау үшін ВЛ-10 кВ сыртқы электрмен жабдықтау линияларының құрылысы жүргізілуде екен, линия бойына 465 дана тірек орнатылып, 73 км құрайтын сым тартылған. Бұдан бөлек, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатқан көрінеді, онда порттың әкімшілік және диспетчерлік қызметтері, сондай-ақ, «Құрық порты» халықаралық өткел пунктінің мемлекеттік органдары орналаспақ.
– Қазір мұнда инженерлік коммуникациялар, электрмен жабдықтау нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың желтоқсанында бірінші іске қосу кешені нысандарының құрылысы аяқталмақ. Бұл өз кезегінде, Құрық порты арқылы жүктерді қабылдап, жөнелтуге паром кешенінің техникалық және технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін болады. Ал екінші іске қосу кешені нысандары құрылысын 2017 жылдың желтоқсанында аяқтау көзделіп отыр, – деп түйіндейді сөзін Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция бас менеджері Әлкей Таңатұлы.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл