Комитет төрағасы ауысты

Жаңалықтар
28.10.2016, 12:04
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы болып сайланды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетін бұған дейін осы жылдың қыркүйек айында Елбасының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Асқар Мамин басқарған еді. Комитет төрағасын сайлау рәсімі Комитеттің 12-отырысында өтті. «ҚазАвтоЖол» АҚ Басқармасының төрағасы Ермек Қизатов аталған комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ұйымдастыру мәселелерінен бөлек, отырыста Логистика және тасымалдау комитетінің азаматтық авиация жөніндегі ішкі комитетінің құрамына өзгерістер енгізуге, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатындағы шараларды өткізуге, кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды ұйымдастыру жөніндегі аккредитацияланған қауымдастықтардың жұмыс жоспарларын бекітуге қатысты мәселелер талқыланды. Комитет отырысының қорытындысы бойынша «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік және логистикалық ұйымдары мен қауымдастықтары одағының, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар (контейнерлер) операторлары қауымдастығының, Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының, Кеме иелері мен теңіз индустриясы кәсіпкерлері қауымдастығының, Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының жұмыс жоспарлары бекітілді.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл