Жаңғыртылудан кейін жаңалық көп

Жаңалықтар
28.10.2016, 12:52
Темір жолдың байланыс саласының соңғы жылдардағы жаңғыртылуынан кейін ескі құрылғылар заманауи түрлерімен алмастырылып, бұл қолайлы еңбек жағдайы мен өндірістік қауіпсіздікті нығайтуға, жалпы сала қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер ашуда. Солардың бірқатары Астана белгі беру және байланыс дистанциясында да жүзеге асырылып жатыр. Мекеменің бас инженері Мұхтарбай Битеміровтың айтуынша, соңғы 4 жылдағы басты өзгеріс мекемеге қарасты Дөңес постында бұрынғы механикалық жүйенің орнына ГАЦ-АРС ГДСС қондырылуы. Толығымен микропроцессорлық элементтерден тұратын жаңа жүйе арқылы орын алатын аудан көлемі азайып, бос орын аумағы артқан. Тағы бір артықшылығы, қауіпсіздік мәселесі жақсарып, жүйе автоматты түрде басқарылатын, жылдамдық реттеу автоматты түрде жүзеге асырылатын, адами фактор жойылатын болды. Сонымен қатар жүйе арқылы диагностика жасалып, хаттама да өздігінен жазылып тұрады. Ол хаттама бір ай бойына сақталады. Бас инженер осындай жетістіктерімен бөлісе келе, биылғы тәуелсіздіктің 25-ші жылындағы қол жеткізгендерін айтқанда, осы жылы бағыттама бұрмаларын басқаруға арналған 95 электр жетек алынатынын жеткізді. – Ұлттық компания мен «Alstom» компаниясы арасындағы қол қойылған Меморандум бойынша бұл компания бізге барлық темір жол саласына 10 мың электр жетек жасап шығаратын болды. Соның 436-сын біздің дистанция алу керек. Былтыр 128-н алып орнаттық. Биыл 95-і. Осылайша келесі жылдары да алып отырамыз. Ал енді бұл қондырғының не артықшылығы бар? Бұрынғы СПС-6 орнына салынатын жаңа электр жетек  те қызмет көрсетілмейтін қондырғы. Яғни, оны электр монтерлер ашып, ақтарып, жөндеп жатпайды. Жабық дүние. Жарамдылығы 10 жылға жуық. Пойыздарды жолға салғанда, бағыттарын бұрғанда қажет етілетін құралдың тиімділігі зор, – дейді бас инженер. Бұл осы жылдың үлесіне тиер жаңалық болса, дистанцияның келер жылғы ең басты жаңалығы, 2017 жылы сәуір айынан бастап қондырылатын Эбилог-950 МПЦ болғалы отыр. Салынып жатқан Астананың жаңа вокзалы мен Астана–Қырқыншы станциялары аралығындағы техникалық парктегі байланыс жүйесіне орнатылатын Эбилог-950 бір орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді. – Бізде бүгінде қызмет көрсету телімдерімізде 11 ЭЦ посты бар. Оның міндеті – станция жолдарындағы бағыттама бұрмалары, бағдаршамдар қызметін реттеу. Ал жаңа жүйе арқылы осы постылардың керек болмайды. 34 бағыттама бұрмасына 1 модульдік жаңа жүйе жеткілікті. Оны жаңа вокзал ғимаратындағы станция кезекшілері бақылап, басқарып отырмақ. Мұнда да артықшылықтары – автоматты түрде диагностика, хаттама жасалады, үздіксіз қоректену көзіне ие. Сонымен қатар орын алатын аумақ көлемінің азаюы, – дейді М. Битеміров. Дистанцияның қызмет көрсету телімі бойынша үш темір жол бағыты бар: Ерейментау, Ақкөл және Жалтыр бағыттары. 2008 жылдан бері осы үш бағыттағы белгі беру жүйесі микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандырылуға көшірілген. Немон және ЮГ деп аталатын диспетчерлік орталықтандырылу жүйесіне қосылған. Жалпы мекеме бойынша 7 диспетчерлік шеңбер бар. Өткен ғасырдың ортасында құрылған мекемеде бүгінде жоғарыда аталған ауқымды жұмыстарда барлығы 333 адам еңбек етеді. Қызмет көрсету телімі 11,9 км бір жолды автоблокировка, 223,299 км екі жолды автоблокировка жолынан тұрады. 436 бағыттама бұрма, 11 ЭЦ посты бар. Осы аумақта биыл 5 қыркүйекте басталған күзгі комиссиялық байқау нәтижесінде 36 ескерту берілген. Бас инженер оның 29-ы бойынша кемшіліктер жойылғанын айтады. Ал қалғандарын орындауға қосымша қаражат қажет етіледі.

Райхан РАХМЕТОВА

 
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл