Туған елге саяхатқа аттанды
Жаңалықтар
01.11.2016, 12:49
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының «Туған елге саяхат» атты жобасы аясында 12 мен 15 жас аралығындағы 120 бала Қазақстанның тарихи жерлеріне саяхатқа аттанды.
30 қазанда кешкілік Астана вокзалынан жүріп кеткен арнайы пойыз мерекедегідей әсем безендірілген. Күзгі демалысқа шыққан жасөспірімдер 7 қарашаға дейін жоба бағдарламасы бойынша Байқоңыр, Түркістан және Алматы қалаларына тоқтап, аталған жерлердегі тарихи-киелі орындар мен мұражайды, өзге де көрнекі орындарды аралайтын болады. Мектеп оқушыларының тоқсан аралық каникулын мазмұнды өткізіп, олардың туған жерге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған 9 күндік тур жобасына демеушілік еткен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болса, жүзеге асырушы – «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры.
– Арнайы пойыз 6 вагоннан тұрады, оның біреуі – тамақтанатын мейрамхана, барлығы 120 бала және балаларды қадағалап, әрі бағдарлама аясында олардың уақытын қызықты өткізуге атсалысатын 13 ересек адам бар. Олар – ұлттық компаниядан бекітілген жауапты адамдар, дәрігерлер, аниматорлар, биші, әнші өнерпаздар, ағылшын пәні мұғалімі. Жас саяхатшылар негізінен ұлттық қордың және аз бөлігі ұлттық компания қызметкерлерінің балаларынан жинақталған. Сапарымыз сәтті болып, бәрін де бағдарлама аясында ойдағыдай жүзеге асыратын боламыз деген сенімдеміз, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адам ресурстары департаментінің менеджері Ержан Мантиков.
Балалардың 9 күндік туры 29 қазанда Астанадан басталып, олар сәулетті елорданың көрнекі жерлерін аралаған болатын. Ал өзге өңірлерге сапар Астана вокзалында жалғасып, дуылдаған көңілді жастардың шат күлкісі перронды жаңғыртты. Сапар алдында аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырған балалар ойыншықтай әдемі вагондарға отырып, шығарып салушы көпшілікке қол бұлғап, аттанып кетті...
Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, балалардың пойыздағы алғашқы күні таңертеңгілік жаттығу жасаудан басталады. Таңғы ас ішіп болғасын 4 топтың балалары әр вагонға бөлініп, би, көркемөнерпаздар, интеллектуал және ағылшын үйірмелеріне қатысады. Арасында үзіліс пен түскі, кешкі асты ішетін уақытта басқа кезде осындай үйірмелерге қатысулары жалғасып отырмақ. Ал кешкісін «Астана» фото селфиі мен үйірмелер бойынша қорытынды жасалады.
«Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық турының бағдарламасы бойынша 1 қарашада әлемге белгілі ғарыш айлағы орналасқан Байқоңыр қаласына жеткен балалар мұнда арнайы қонақ үйлерге орналасып, Байқоңыр космодром тарихы мұражайын, С.Королев, Ю.Гагарин атындағы мемориал үйін, «Буран» орбитальдық кемесін аралайды. Түстен кейін қала ішіне саяхат жасап, скверлер мен ескерткіштерді көреді. Бос уақыттарында түрлі викториналық ойындар мен байқауларға, клубтарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізеді.
Ал 3 қараша күні жас саяхатшылар қасиетті Түркістан қаласына келіп жетеді. Мұнда олар Отырар қалашығын, Арыстан баб кесенесін аралап көреді. Отырар қаласында түстеніп, Алғабас ауданындағы Ақмешіт үңгіріне барады. Ал 4 қарашада саяхат ескі Сауран қалашығының орнына, Йассауи кесенесіне, жерасты мешіті мен Рәбия Сұлтан бегім кесенесіне, XV ғасырдан қалған шығыс моншасына, тарихи мұражайға жалғасады.
Кері қарай, 5 қарашада Алматыға жеткенше жастар үздік коллаж жасап, өлең шығарудан байқауда бақ сынайды. Оңтүстік астанада Медеу мұз айдынына барып, Шымбұлаққа көтеріліп, көрікті қаланы тамашаламақ: 28 Панфиловшылар паркін, Тәуелсіздік алаңы, Президент резиденциясы, Тұңғыш Президент паркі, жыртқыш аңдар шоуын көрмек, басқа да қаладағы ойын-сауықтық орталықтарда көңіл көтереді, Алматының зообағын аралайтын болады. Жас саяхатшылар 7 қарашада кешкілік Астанаға оралып, турдың салтанатты жабылу рәсімі жасалмақ.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл