Халықаралық көрме – оңтүстікте
Жаңалықтар
01.11.2016, 12:54
Биыл екінші рет Шымқалада «Көлік, Логистика және Инфрақұрылым» – Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure 2016 ІІ Халықаралық көрмесі өтті.
Жобаны ұйымдастыруға ОҚО әкімдігі мен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ОҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, «Kazlogistics» көлік қызметкерлерінің одағы, ҚР Экспедиторларының Ұлттық қауымдастығы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, «БК «Көлік-Логистикалық аумақ» қолдау көрсеткен. Көрмеде 20-дан астам көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын ұсынды.
– Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның аумағы арқылы өтетін жүктің көлемін 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін он есе өсіру талабын қоюда. Ол үшін алдымен көліктік инфрақұрылымды дамыту қажет. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде біздің облыста 16 бағдарлама іске асып келеді. Алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан шекара аумағында«Қорғас» халықаралық шекаралық сауда орталығы сынды логистикалық хаб ашылмақ, – деді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев көрмеге қатысқан барлық кәсіп иелерімен болған басқосуда оларды бірлесе жұмыс істеуге шақырып.
Келешекте Шымкентте көлемі 90 гектарға жуық Көліктік-логистикалық орталық ашылмақ. Осының шағын көшірмелеріне Сарыағаштан,Түркістаннан 20, Жетісайдан 10 гектардан жер бөлініп, құрылыс нысандары салынып жатыр. Ұйымдастырушылар көрмеге жиналғандарға осы орталықтардың салынып біткен қоймаларын тиімді пайдалануға кеңес берді.
– Ресейлік бірқатар сауда орындарымен келісімге келіп, осы жазда үлкен жүкті тасымалдадық. Сонда Сарыағашта 4 күн бойы рефрижераторлық көлік таппай қиналдық. Басқа амал қалмаған соң, қырғызстандық осындай көлікті жалдауға тура келді.Сондықтан, рефрижераторлық көліктердің тасымалдануын кәсіби деңгейге жеткізу керек. Себебі, біздің облыста жыл сайын 3,500 млн тонна ауыл шаруашылық өнімі өндіріледі. Қазіргі уақытта біз бар болғаны 200-300 мың тоннасын ғана сыртқа тасымалдаймыз. Өңірдегі көліктік- логистикалық құрылымның дамымауынан қаншама өнімді сыртқы елдерге жеткізе алмаймыз. Ал, Ресей сыртқа елдерден келген тауардың сапасына аса көңіл бөледі. Көршілер өнімнің қандай температуралық режимде келгеніне, қанша күнге шыдас беретініне дейін сараптап отырады. Жерлес дихандардың еңбегі еш кетіп жатыр. Егер шет елдерге өнімді жеткізу сапалы жүзеге асса, жылына 10 млн тонна тауар тасымалдауға болар еді. Сондықтан, осында отырған көлік компанияларының иелеріне Сарыағаш, Мақтаарал сынды бақша дақылдары көп өсетін ауданның диханшылармен жұмыс істеуге шақырар едім, – деді «Басқарушы компаниясы «Көлік – логистикалық аймақ» ЖШС Бас директорының орынбасары М.Телғозы.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы қай жағынан алсаңыз да көліктік инфрақұрылымды дамытуға қолайлы өңір. Аймақ «Батыс-Еуропа – Батыс -Қытай» халықаралық автобаны мен «Шымкент – Самара» тас жолының бойында жатқандықтан көлік қозғалысы толастамайды. Өңір басшылары осы мүмкіндікті пайдаланып, сауда-логистикалық орталықтар ашу арқылы, көліктік инфрақұрылымды дамытуға күш салуда.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл