GR қызметін түсіндірді
Жаңалықтар
01.11.2016, 13:04
27 қазанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында Ұлттық компания қызметкерлеріне GR қызметінің міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның өкілдері ақпараттық сессия өткізді.
Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев бұл отырыстың «Бизнес трансформациялау» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Сессия модераторы, аталған қордың GR мәселелері бойынша басқарушы директоры Нұрлан Рахметов ҚТЖқызметкерлеріне «Қор тобының мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы ақпараттық баяндамасын слайдтар арқылы жеткізіп, түсіндірді. Сұрақтарға жауап берді.
GR, яғни, Government Relations сөзі қазақшаға аударғанда «мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекет» деген мағынаны білдіреді. Ұлттық қордағы трансформациялаудың негізгі мақсаты– қор тобының құнынарттыру. GR департамент те осы мақсатқа билікпен өзара іс-әрекет арқылы жетуді көздейді. Бұл өзара әрекеттестіктің үш бағыты бар: біріншісі, жедел қызметтер бойынша үкіметтің араласуын азайту, екінші, қордың коммерциялық қызметіне қолғабыс етуде үкіметтің реттеуші ретінде қатынасын қалыптастыру, қор мүддесі үшін лоббилендіру. Осының ішінде алғашқысы бойынша, қордың жедел қызмет операцияларына Үкіметтің жалғыз акционер ретінде араласуын азайту үшін сұрауларды айқын сәйкестіндіру жүріп жатыр. Қор құзыретіне кірмейтін сұраулар бойынша жауап беру талап етілмейді. Ал акционерлік сұраулар портфельді компаниялардан қорға көшіріледі. Осы шаралардың нәтижесінде 2016 жылы мемлекеттік органдардан түсетін сұраулар ағыны едәуір қысқаратын болады, – деді модератор.
Нұрлан Рахметовтың айтуынша, басқа компаниялар секілді ұлттық қор тобына мемлекеттік органдар тарапынан реттеуші сұраулар да келіп түседі. Оларды да жауапсыз қалдыруға болмайды. Бірақ оларды оңтайлы өңдеуден өткізу үшін қор тобында толыққанды жұмыс істейтін GR қызмет ашу керек. Бұл бағытта барлық портфельді компанияларда биылдан қызметін бастаған GR департаменттер жұмыс істеуде.
–Алдағы міндеттер қатарында – Парламент пен Үкіметке заңға трансформацияны қолдайтын өзгерістер енгізу туралы жобаны ұсыну тұр. Әрбір бағыттың табысты орындалуы шығындарды азайтып, шешім қабылдауды тездетуге мүмкіндіктер ашады. Бұл департамент Үкіметпен жалғыз жүріп өзара әрекеттестікте жұмыс істей алмайтынын айта кету керек. Біздің қорда биыл жылдың басында ашылғанGR департамент – бұл бизнестің мемлекеттік органдармен арадағы өзара әрекеттестігін жеңілдете түсетін құрал, – деп атап өтті сессия барысында Н. Рахметов.
Қор өкілі одан әрі GR ұйымдастырудың 4 моделі, Үкіметтің қорға қатысты 2 рөлі, GR бойынша нысананы таңдау, GR миссиясы, 2016-2018 жылдарға мақсаттар, осы жылдың соңына дейінгі мақсаттар, қорда мемлекеттік органдардан түсетін сұраулардың өңделуі, корпоративтік басқармалардың ҚР бәсекеге қабілеттілік индексіне әсері, мемлекеттік секторда корпоративтік басқаруды енгізудің қажеттілігі, Қор тобы GR-менеджерлері Кеңесінің негізгі міндеттері, тағы да басқа мәліметтер туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Үкіметпен өзара қарым-қатынасты трансформацияламай қорды да трансформациялау сәтті болмайды деді модератор. Олардың алдағы жылдарға қойған мақсаттары – қор тобының жедел қызметіне Үкіметтің Акционер ретінде араласуын толығымен жою және Қордың барлық топтарында реттеуші GR қызметті тиімді жұмыс істету болса, жыл соңына дейінгі мақсат – Қор тобына мемлекеттік органдар тарапынан келетін реттелмейтін сұраулар ағынын айтарлықтай қысқарту, Қор тобында толыққанды GR қызмет құру, байланыс орталықтарында GR бөлімшелер ашу, Қордың бағдарламалар кешенін GR қызмет құрылымдарымен қамтамасыз ету.
Ұлан ОРАЗ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл