Цех қайта жабдықталуда
Жаңалықтар
01.11.2016, 17:38
Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына Ақтөбеде шығарылған рельстер жеткізілгелі кәсіпорындағы рельс дәнекерлеу цехы қайта жабдықталуда.
Осы кәсіпорын ашылғалы бері еңбек етіп келе жатқан Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының бас механигі Жанатбек Лесбаев соның арқасында мұнда жұмыс өнімділігі артып отырғанын айтады.
Қазіргі цехтағы дәнекерлеу аппараты ресейлік. Ол кәсіпорынға 2008 жылы келген. Алғашында бұл аппараттар Ресейде жасалған ұзындығы 25 метр рельстерді дәнекерлеуге ыңғайланып, цехтағы құрылғылар да солай орналастырылған болатын. Ал бүгінгі күні мұнда отандық өнім жеткізілгелі цехты қайта жабдықтадық. Өйткені, қазақстандық рельстердің ұзындығы – 70, 100, 120 метр. Автоматтандырылған қондырғы қазір жарты сағатта ұзындығы 800 метр рельсті дәнекерлейді. Дәнекерлеу аппаратында Ресей, Украинада оқып келген мамандар – Айдын Шаяхметов, Нұрәділ Масалимов, Елдар Қабибулиндер ауысым бойынша жұмыс жасайды. Аталған аппарат 24 сағат тоқтамай жұмыс істейді. Жоғарыда айтып кеткендей 25 метр рельстерді дәнекерлеуге арналған тораптардың барлығы дерлік қазір 70- 120 метр рельстерге толық ыңғайландырылды. Қазір бір ғана қанаты жұмыс жасап тұр. Алдағы бір айдың ішінде екі қанатта да жаңа рельстер дәнекерленетін болады. Дәнекерлеу апаратына ауа райы және тоқ қуатының мөлшеріне қарай арнайы бағдарламалар енгізіліп отырады. Цехта ауысым алдында «бақылау үлгісі» дәнекерленіп, келесі ауысым оны сындырып қайта дәнекерлейді. Және цехта тұрған екінші украиналық дәнекерлеу аппаратымен ескі рельстер де дәнекерленеді, – дейді аға механик.
Цехтан шыққан дайын өнім платформаларға тиелмес бұрын дефескоптық тексерістен өтеді. Дефескопист Рәтбек Қапалбаев дәнекерлеу цехынан шыққан рельстерді бақылап-тексеріп, белгі қойып отырады. Ақау табылмаған жағдайда рельстер бірден платформаға тиеуге жөнелтіледі. Рельсті соңғы тексеру осы жерде жүргізіледі. Ақау табылған жағдайда дефект картасы жасалып, рельс қайта цехқа жөнелтіледі екен. Онда арнайы кесу аппаратында кесіліп, сындырылады екен. «Әзірге өзімізде жасалған рельстерде еш ақау табылған жоқ. Жалпы, қазақстандық рельстер сапасы жағынан ресейлік рельстерден еш кем емес», – дейді Рәтбек Қапалбеков.
Арсен Байзақ, Луговой
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл