Машинист – мәртебелі мамандық

Жаңалықтар
01.11.2016, 18:04
Биыл Қазақстан темір жолында «Машинист жылы» жарияланғаны белгілі. Темір жол көлігіндегі ең жауапты тұлға машинистер құрметіне жыл бойы жүргізіліп жатқан шара жыл соңына қарай жер-жерде өтіп жатқан Машинист күніне ұласып отыр.  Жамбыл ЖТ – Жамбыл бөлімшесіне қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосында өткен «Машинист күні» шарасына машинистер мен көмекші машинистердің  жарлары, ата-аналары, тіпті балалары да қатысты. Жиынды депо директоры Айғабыл Утеубаев: «Бүгінгі шараның маңыздылығы осындағы локомотив бригадаларының отбасы мүшелеріне олардың жұмысының қаншалықты ауыр да жауапты екендігін жеткізу. Себебі, үйдегі жағдай көп нәрсеге әсер етеді. Отбасында ұрыс-керіс немесе реніш болса, тіпті әлденеге алаңдап жұмысқа келген машинистің көңіл-күйі жүздеген жолаушы өмірін сеніп тапсырған пойызды жүргізуге лайық па, өздеріңіз ойлаңыздаршы? Үйдегі жағдай дұрыс болса, жұмыс орнында да сондай жақсы нәтижелер болады. Ұлттық компания үстіміздегі жылды «Машинист жылы» деп жариялап отырғаны да тегін емес, осы жауапты мамандыққа назар аударып, құрметін арттыру болып отыр», – деді. Депо басшысы жиынға қатысып отырған ақжаулықтардан жұмысы қозғалыс қауіпсіздігімен тікелей байланысты мамандық иелеріне жағдай жасап, қателіктерге ұрынбау үшін тынығуын, көңіл күйі дұрыс болуын қадағалап, жылы қабақпен шығарып салуды сұрады. Рас, машинистің жұмысы қауіпсіз де емес. Сондықтан, олардың отбасына аман-есен оралуын тілеп, ана ұлының жолына қараса,  жары отағасын, бала әкесін күтеді.  Отбасының жылулығы, жарасымды шаңырақта бала-шағасымен отырып ішкен астан артық не бар?! Депо директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Қайрат Мұсылмановтың айтуынша, жұмысшының, мейлі ол машинист не токарь болсын, бабында болуы оның жұмысын өнімді етіп, ол өз кезегінде өндірістің көрсеткішіне де әсерін тигізетін көрінеді.Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе – ол машинистердің денсаулығына қатысты. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде бұл мамандық иелері арасында  «гипертонигтер» көбейген. – Бүгінде 140 машинист осы науқаспен есепте тұр. Егер І және ІІ дәрежелі болса ҚР Денсаулық сақтау министрлігі машинистерге электровозға отыруға рұқсат бермейді. Сондықтан машинистер өз денсаулықтарына аса үлкен жауапкершілікпен қараса, есептен шыға алады. Бүгінде 60 машинист есептен шақты. Сондықтан, өз денсаулықтарыңызды өздеріңіз қадірлеңіздер әріптестер, – деді сөз соңында Қайрат Мұсылманов. Осыдан кейін депо бойынша конкурстық негізде өткен сайыс нәтижесі жария етіліп, өз білім-білігімен ерекшеленіп және саланы жақсы меңгергенін дәлелдей білген екінші санатты машинист  Максим Иваненко «Үздік машинист» болып танылып, лайықты сый-құрмет көрсетілді. Енді ол Астанада өтетін байқауға қатысып, жамбылдықтар намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, Жамбыл локомотив депосында бүгінгі таңда бірінші санатты 13,  екінші санатты 106, үшінші санатты 146 машинист еңбек етеді. 188 машинист көмекшісі бар. Биылғы жылы локомотив бригадаларының ақаулары өткен жылмен салыстырғанда көп төмендеген. Бұл депода локомотив бригадаларының имиджін көтеруде ауқымды шаралар жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Шара соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасты. Қызылорда Болат жол саласының әрбір мамандығы абыройлы. Ал машинист болу, әсіресе  жастар үшін ең үлкен мәртебе. Машинист жылына байланысты локомотив топтарының беделін арттыру, бөлімше телімдерінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау көрсеткішін көтеру мақсатында бұған дейін Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполарында өткізілген жиын қазан айының жиырмасында Қазалы айналым депосында аталып өтті. Жиында айналым депосының ұжымымен қатар 15 машинистің жұбайлары бас қосты. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау барысында локомотив топтарының белсенділігі, бос уақыттарын тиімді пайдаланып  және техникалық сабақтарға уақытылы қатысып, өздерінің білім-біліктерін  жетілдіріп, іс-сапар алдында дұрыс ұйықтап, дұрыс тамақтанып жүрулері және де жұбайларының осы аталған мәселелерге өз үлестерін қосуы – машинистердің кәсіби міндетін қалтқысыз орындауына тигізер үлесі саналмақ. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда машинистермен қатар олардың жұбайларына да артылар жүктің салмағы басым. Жиында сөз алған Қазалы айналым депосы басшының орынбасарыТалғат Есқалиев бөлімшедегі құрылымдық өзгерістерден хабардар етіп, ағымдағы жылдың басынан орын алған келеңсіз жағдайларға сараптама жасап, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы басты тұлға машинистерді  жол бойында орын алуы ықтимал кемшіліктерге жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ жиналысқа қатысып отырған машинистердің отбасы мүшелеріне сапар алды олардың көңіл күйлері жақсы жағдайда және толық тыныққан қалпы, демалыспен шығу керектігі ескертіліп, олардың сәтті сапармен аман-есен үйіне оралып,  бала-шағасымен қауышуына қолдан келгенше жағдай жасауда.  Сондай-ақ, сапарда локомотив топтарының дұрыс тамақтануы, мерзімі өтіп кеткен тамақтарды бермеуді, тез бұзылатын тағамдарды жолға алып шықпауға көңіл бөлулері керектігі сөз болды. – Әрине, мен айтар едім, тепловоз машинисінің жары болу – теміржолшы  болумен тең. Жолдасымның әр сапарға тиянақты дайындалуын қадағалап, аман-есен оралуына тілекші болып жолын күтемін. Жүк және жолаушы құрамын тасымалдайтын  машинистердің ештемеге алаңдамауын қадағалау – бірімізге ортақ мәселе. Мен өзім жолдасымның уақытылы дем алып, жақсы көңіл күймен жұмысқа баруына барынша жағдай жасаймын және де өзгелердің де осы ұстанымды ұстануға шақырамын,  – деді жиында сөз алған тепловоз машинисі Сұлтан Құрымбайдың жары Бағила. – Бізде   қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосып, жылжымалы құрамдардың қозғалыс кестеден кешікпеуі үшін кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқаруға күш салатын таңдаулы машинистер көп. Машинист жылы аясында 8 тепловоз машинисіне депо директорының арнайы Алғыс хаты табыс етілсе, ұзақ жыл депо жұмысының дамуына үлес қосып, зейнет жасына келген Сұлтан Құрымбайдың иығына шапан жауып, арнайы сый-құрмет жасадық, – дейді депоның кадр бөлімі бастығы Шарида Әбдіреева. Жиын барысында Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Талғат Ескалиев күзгі байқауда көзге түскен бір топ машинистке депо басшысы Жұлдызбай Мұсаевтың Алғыс хатын табыс етіп, зейнетке шыққалы отырған бір топ ардагерлерге құрмет көрсетті. Шымкент «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалына қарасты Арыс локомотив пайдалану депосы «Машинист күнін» өткізіп, оған машинистердің өздері мен әйелдері, сонымен қатар  депо ардагерлері де арнайы шақырылды. Депо бастығы  Қалдыхан Өтегенов ашқан жиында ең басты мәселе,  машинистердің мәртебесімен беделі болды. Отандық электровоздар мен тепловоздар шыққалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотив паркін жаңарту арқылы локомотив бригадаларының жұмысы жақсарып, бұрынғыдан күрделене түскені, сонымен қатар білімді қажет ететіні сөз болды. Әсіресе, жүйрік отарбаларды еркін тізгіндеу үшін жас мамандардың кәсіби тұрғыдан қабілетті болуына айрықша мән берілуде. Айтары жоқ,  желмен жарысатын жүйрік тепловоздар келгелі машинист қауымының да еңсесі көтеріліп, еңбекке деген құлшыныстары артқан. Жиында сөз алған ардагерлер өз жастық күндерін еске алып,  деподағы қара май мен ескі тепловоздарды қазіргі  заманауи темір тұлпарлармен салыстырса, бүгінгі әріптестерінің өміріне қызыға да қызғана қарайтындарын жасырмады. Сондай-ақ, отбасындағы серіктеріне, машинистің жұмысының ауыр екенін түсіндіріп, оның жақсы, қауіпсіз жұмыс істеуі, уақытылы тынығуының арқасында екені аз айтылған жоқ. Аға буын қауіпсіздік тек машинист пен көмекшісінің ғана емес, теміржолдың жанынан өтетін тұрғындардың да қолында екені ұдайы насихатталу керек деп санайды. Өткен жылы Оңтүстікте тоғыз рет адамдардың пойыздың астына түсуі қайталанса, биыл бес оқиға орын алған. Оның біреуі әдейі пойыз астына түссе, екіншісі байқамай бақытсыздыққа ұшырайды. Құлаққап тағып, спиртті  ішімдік ішіп жолдан кесіп өтетіндерге не дерсің? Олардың саулығы мен амандығынан бөлек, адам түгіл, мал басып кеткен жағдайда машинистердің жүйкесіне салмақ салады. Осындай кезде бұл кәсіп иелерінің денсаулығына отбасы мүшелері ерекше мән беру керек десті қырық жыл тәжірибесінде талайға куә болған кешегі машинистер. Өз кезегінде машинистер жұбайлары алдыңғы буынның сөзін қуаттап, қолдан келгенше ерлерін қолдайтындарын жеткізді. Семей Семей локомотив пайдалану депосында аталып өткен Машинист күні, әсіресе жас буынды көп жинады. Ал аға буын машинистер жастарға тәлімгер ретінде қатысты. Жиын беташарын алғы сөзбен ашқан депо басшысы, Құрметті теміржолшы Дәулет Ыдырысов әуелгі кезекте локомотив бригадаларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттемелері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексіне сай белгіленген қызметтік тәртіпті күшейту, машинист біліктілігін шыңдаудағы берілетін басымдықтарға да  тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы қызмет барысына шолу жасаған Дәулет Тайтөлеуұлы осы кезең аралығында орындалған және алдағы уақыттағы жоспарлы шаралар жайында да сөз етті. Бүгінде депо бойынша жетістіктер жоғары. Алайда оған тоқмейілсуге болмайды. Себебі, қазіргі уақытта тапсырыс берушілердің есебінен орындалмаған көрсеткіштер де бар. Одан бөлек сіздердің жеке бастарыңыздың және жалпы қозғалыс қауіпсіздігі үшін әлі де терең мән беретін жайттар орын алуда. Сондықтан да қызметіміздегі босаңсытып алған тұстарға шолу жасап, орын алған кемшіліктерге ендігі аралықта жол бермеу ләзім, – деді өз сөзінде депо басшысы. Осыдан соң депо басшысының орынбасары Жанат Ахметов баяндама жасап, ағымдағы жылдың он айының қорытындыларына тоқталды, күзгі байқау нәтижелерін жария етті.  Сонымен қатар, локомотив бригадаларының жұмыс тәртібі, ағымдағы жылы орын алған ақаулықтар жайында да кең көлемді талқылау өтті. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысының жиілігіне байланысты семейлік машинистердің қызметтік сағаты толық. Сол себептен де Локоть – Семей-Шар және Дегелең – Семей бағыттары бойынша жұмыс қауырт. Бұл ретте бүгінде 175 машинист, 165 машинист көмекшісі талапқа сай қызмет жасауда.

Аймақтардағы меншікті тілшілер

Жаңалықтар
14.03.2025
ҚТЖ басшылығы Атырау – Орал учаскесін тексерді
Аймақтар
14.03.2025
Мақсат Қалиақпаров Павлодар өңірінің тұрғындарымен кездесті
Аймақтар
14.03.2025
Маңғыстаулық теміржолшылар Амал мейрамын атап өтті (Фото)
Жаңалықтар
14.03.2025
Достық - Мойынтының тағы бір учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды
Спорт
14.03.2025
Шахмат – тамаша ойын
Жаңалықтар
14.03.2025
Теміржолшылар «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігіне қосылды
Трансформация
14.03.2025
Техникалар паркі кезең-кезеңмен жаңаруда
Цифрландыру
14.03.2025
Кадрдың қадірі артуда
Инфрақұрылым
14.03.2025
Вокзалдар – үкімет назарында
Жаңалықтар / Мұрағат
14.03.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 14 наурыз 2025 жыл
Жүк тасымалы
13.03.2025
Транскаспий дәлізі бойынша контейнерлік тасымал 2,7 есе өсті
Жаңалықтар
13.03.2025
Қазақстан мен Ресей «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту мәселесін талқылады
Инфрақұрылым
13.03.2025
Қызылорда өңірінде 50 шақырым темір жолы күрделі жөндеуден өтеді
Жаңалықтар
13.03.2025
ҚТЖ-да өткен "Сенімді тұлға"форумына 200-ден астам адам қатысты
Аймақтар
13.03.2025
Маңғыстаулық нәзікжандылар марапатталды
Аймақтар
13.03.2025
Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді
Аймақтар
13.03.2025
Ерекше форматтағы мереке
Аймақтар
13.03.2025
Мереке иелеріне құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
13.03.2025
Джип көлігі Медеу – Жетісу аралығында жолаушылар пойызының жолын жауып тастады
Инфрақұрылым
12.03.2025
Достық - Бескөл бағыты бойынша қозғалыс ашылады