Торқалы тойға тарту

Жаңалықтар
04.11.2016, 13:09
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тойына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» арнайы пойызы 1 қараша күні Елорда вокзалынан салтанатты түрде сапарға аттанды. Торқалы тойға тарту ретінде жолға шыққан ақжолтай пойызға сәт-сапар тілеген қауым республикалық акция діттеген мақсатына жетіп, елдің ыстық ықыласына бөленіп оралуын тілеп, мерекелік көңіл-күймен шығарып салды. 14 желтоқсанға дейін 43 күннің ішінде еліміздегі 35 елді мекенге тоқтап, мыңдаған халықпен кездесетін пойыздағы халқымыздың бетке ұстар тұлғалары азаттық пен еркіндік әперген биік асуларымызды паш етіп, алдағы мақсат-міндеттерімізбен бөлісетін болады. Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ бастамасымен жұмысын бастаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясының мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрсету, қазақстандық патриотизмді дамыту және халықтыӊ бірлігін нығайту, 10 әлеуметтік әсер беру болып табылады. Атап айтқанда, акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеӊестер беріледі. Пойыз елді мекендерге тоқтағанда жергілікті халыққа, оныӊ ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қызметтерін ұсынатын болады.        Елорда вокзалында өткен акцияның салтанатты басталу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасыныӊ орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентініӊ Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Владимир Божко, ҚР Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымыныӊ мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылым мен өнер және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары ән мен жырдан шашу шашты. Құрамында жоғарыда аталған белгілі тұлғаларды қосқанда мәдениет және спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, білім және ғылым, ауылшаруашылығы, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» басқарушы холдингі, «Атамекен» ҰКП өкілдері бар «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының сапары Астанадан бастау алып, өз жұмысын Алматы қаласында аяқтайды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай республика бойынша 200-ден аса ірі іс-шаралар өткізілуде, соның бірі – осы пойыз акциясын ұйымдастыру болатын. Пойыз құрамындағы азаматтар сонау шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, оларға Елбасымыздың саясатының жемісін, «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуын жеткізе түсіндіріп, өзге де түрлі нақты қызметтер ұсынатын болады. Осындай жауапкершілік арқалаған акцияға қатысушыларға сәт-сапар, ақ жол тілейміз, – деді Г. Әбдіқалықова. Шараның ойдағыдай өтуіне 7 министрлік пен 3 ірі ұлттық компания атсалысуда. Жетекші және тар бейінді Толыққанды медициналық тексеру және кеӊес қызметтері, Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысу, қызметкерлердіӊ еӊбек құқығын қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы төлеу, т.б. әлеуметтік мәселелер бойынша кеӊес қызметтері, жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу, борышкер мүлкіне тыйым салуды болдырмау және алу, алименттерді төлеу, заӊды тұлғаны тіркеу немесе тарату, кәсіподақ қызметі бойынша және т.б. заӊ мәселелері бойынша кеӊес қызметтері, жер қарым-қатынасы, кооперацияны дамыту, жеке қосалқы шаруашылық, ет мал шаруашылығы, сүт мал шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, өсімдіктерді қорғау бойынша, асыл тұқымды мал өсіру, өсімдік шаруашылығы бойынша қаражаттандыру және т.б. ауылшаруашылық мәселелері бойынша кеӊес қызметтері, жоғарғы білім беру мәселелері, техникалық және кәсіби білім берудіӊ басым бағыттары туралы және т.б. білім беру саласы бойынша кеӊес қызметтері көрсетілмек. Құрамында 270 адам бар 8 вагондық арнайы пойыздың сапарына сәттілік тілеген Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров: «Біз бүгін республикамыздың барлық өңіріне маңызды миссиямен баратын темір жол құрамын шығарып салып тұрмыз. Акцияға қатысушыларға сәтті сапар болсын деп тілейміз», – деді. Жылжымалы құрамға Руслан Барбасов бастаған пойыз бригадасы қызмет көрсетеді. Теміржолшылар пойыздың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

 Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл