Локомотив паркі: жаңарту мен жетілдіру жемісі
Жаңалықтар
04.11.2016, 17:14
Әлемге аты мәлім GE компаниясы жиырма жылдан астам уақыт ҚТЖ-ның сенімді серіктесі болып келеді. Өзара тиімді әріптестік осы жылдар ішінде өз жемісін беріп отыр. Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-GE Transportation-нің ең ірі клиенті болып табылады.
Қазақстан экономикасының дамуын жеделдету және қажетті заманауи, сенімді теміржол инфрақұрылымын құру мақсатында магистральдық локомотивтерді жаңарту мен жетілдіру бойынша алғашқы келісімшартқа қол қойылған 1995 жылдан бергі уақыт ішінде отандық темір жолдың машинажасау саласы бұрын-соңды болмаған тамаша жетістіктерге қол жеткізуінің көш басында атақты америкалық комания тұрғаны талас тудырмайтыны шындық.
– 2008 жылы Астанада отын шығыны аз және экологиялық тазалығы жоғары GE Evolution жаңа буын локомотивтерін өндіру бойынша «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ құрылды. 2009 жылдың 7 желтоқсанда Қазақстанда жинақталған алғашқы бір секциялы магистральдық бесінші буын жүк тепловозы – Evolution сериялы ТЭ33А-ның тұсаукесері болды, – дейді ТМД/Ресейдегі GE Transportation-нің сервис жөніндегі өңірлік директоры Павел Семикопенко.
Оның айтуынша, локомотив паркін жаңарту ҚТЖ компаниясына аз локомотивпен көбірек жүк тасуға, сөйтіп отын мен техникалық күтім шығындарын үнемдеуге мүмкіндік берді. Кеңестік тепловоздардың 2ТЭ10М және 2ТЭ116 қозғалтқыштарына қарағанда 12-цилиндрлі GEVO отыннан 150 мың долларға дейін үнемдейді. Evolution үшін жөндеуден өткізу аралығындағы кезең 5 есе ұзақ және 92 тәулікті құрайды.Оған қоса, зауыттың іске қосылуы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің жаңа бағытын ашып, Орталық Азия елдеріне инновациялық өнімдер жеткізуді мүмкіндігін ашты. Бүгінгі таңдаЛКЗ-да жасалған су жаңа 24 ТЭ33А тепловозы Орталық Азияда, Тәжікстан мен Әзербайжанда және Украинаға сатылып, бұл Қазақстанды машинажасау өндірісі бар ірі экпорттаушы позициясына көтерді. Бүгінгі күні Қазақстанда 410 жетілдірілген локомотив пен GEVO12 (Evolution) қозғалтқышы бар 289 локомотив қолдануға берілген. Бұл –ТМД-дағы ең жаңа және ең тиімді локомотив паркі.
GEжоғары технологиялық өнімдерді ұсынып қана қоймай, мамандарды да оқыту мүмкіндігін береді. GE Transportation машинистерді дайындау деңгейін жоғарлату мақсатында Астанадағы ҚТЖ-ның Оқу орталығына ТЭ33А жаттықтыру құрылғысын берді. Онымен жаттығудың арқасында машинистер шынайы локомотивтің кабинасына отырғандай болады, оны басқарудың негізгі машықтарын толық игеретін болады. Әрі қарай оларға алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту ғана қалады, – дейді директор.
Алдағы уақытта да екі жақты ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, жолаушылар тасымалының артуына байланысты GE ҚТЖ-ның жолаушылар локомотив паркін жаңарту бағытында жұмыс істеуде. «ЛКЗ» АҚ 2020 жылға дейін 110 жолаушылар локомотивін шығару жұмысына кірісті. ТЭП33А жолаушылар тепловозы жылдамдығын 160 км/сағ дейін үдете алады, бұл жолаушыларды межелі жеріне жылдамырақ жеткізуге мүмкіндік береді.Оның үстіне, тепловозда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, қуат қорын есептеудің әр түрлі озық жүйелері қолданылған. Мәселен, пойызды автожүргізу жүйесі тепловоз бен пойыздың тарту күшін және барлық тежеуіш түрлерін автоматты түрде басқаруды қамтамасыз етеді, қозғалыс кестесін нақты ұстану мақсатында қозғалыстың энергетикалық ұтымды режимін есептейді және тепловоздың басқа қауіпсіздік жүйелерімен өзара әрекеттеседі.
«GE сервис саласындағы сараптаманы оқшаулауы арқасында біздің клиенттерімізге локомотивтер паркінің техникалық күйі туралы қам жемеуге болады. Құрал-жабдық бойынша барлық қызмет көрсету жұмыстарын жоғары санатты мамандар атқарып, машиналар жоғары деңгейде дайын болуын қамтамасыз етеді, дейді П. Семикопенко. 2009 жылы «Локомотив» АҚ-мен Ресей/ТМД өңіріндегі жетілдірілген тепловоздар бойынша сервистік қызмет көрсету туралы 15 жылға алғашқы шарт жасалыпты. 2011 жылы GE ТЭ33А тепловоздары бойынша қызмет көрсету туралы сервистік келісімшартты да 15 жылға жасаған, ал үстіміздегі жылы ол тағы үш жылға ұзартылыпты. Қазіргі таңда GE Transportation сервистік командасы бүкіл локомотивтік паркті Ақтөбе қаласындағы дистрибьюторлық орталықтан таратылатын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді және Қазақстан мен Ресейдің 12 локомотив жөндейтін депода тепловоздарға кепілдік мерзіміндегі және кепілдік мерзімінен кейінгі сервистік қызмет көрсетеді.
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
17.06.2026
10 мыңнан астам теміржолшы баласы лагерьде демалады
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды